11.04.2017, 18:08 5268

Қызылорда облысынан екі спортшы Румынияда шахматтан оқушылар арасында өтетін әлем чемпионатына қатысады

И.Серікбай мен Н.Нұрғали 20 сәуір - 1 мамыр аралығында Румынияда шахматтан оқушылар арасында өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Қызылорда. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Өзбекстан астанасы Ташкентте 8-18 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында шахматтан Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге Қызылорда облысынан 3 спортшы қатысып, 4 медаль иеленді.

Шахматтыӊ рапид, классика және блиц түрлерінен сынға түскен Исел Серікбай жоғары нәтиже көрсетті. 16 жасқа дейінгілер арасында өнер көрсеткен Исел рапид бойынша 7 ойыннан 6 ұпай, классикада 9 ойыннан 8 ұпай, блицте 9 ойыннан 7 ұпай жинап, Азияныӊ абсолютті чемпионы атанды.

Ал 14 жасқа дейін бақ сынаған Назерке Нұрғали классика бойынша 9 ойыннан 6,5 ұпай жинап, Азия чемпионатыныӊ қола жүлдесін иеленсе, Мейіржан Бармағанбетов рапид бойынша төртінші орынды еншіледі.

И.Серікбай мен Н.Нұрғали 20 сәуір - 1 мамыр аралығында Румынияда шахматтан оқушылар арасында өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны