23.08.2017, 15:55 8212

Қызылорда облысында 16-21 тамыз аралығында футболдан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті

Жарыс нәтижесінде Қызылорда қаласы "Қайсар" футбол орталығыныӊ командасы көш бастаса, екінші орынды Шымкент, үшінші орынды Тараз қалаларыныӊ командалары иеленді.

Қызылорда. 23 тамыз. Kazakhstan Today - 16-21 тамыз аралығында футболдан Қызылорда облысыныӊ шеберлер командасыныӊ ойыншысы Ибіл Қалымбетовты еске алуға арналған 2006 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 8 команда қатысты.

Жарыс нәтижесінде Қызылорда қаласы "Қайсар" футбол орталығыныӊ командасы көш бастаса, екінші орынды Шымкент, үшінші орынды Тараз қалаларыныӊ командалары иеленді.

"Үздік қақпашы" - Бексұлтан Жақсылықұлы ("Қайсар" ФО)

"Үздік қорғаушы" - Тимур Ілиясов (Тараз қ.)

"Үздік жартылай қорғаушы" - Нұрдәулет Түзелбек (Шымкент қ.)

"Үздік шабуылшы" - Сержан Батырбек (Қызылорда қ.)

"Үздік ойыншы" - Дінмұхаммед Рүстемұлы ("Қайсар" ФО)

"Үздік ойыншы" номинациясыныӊ иегері Д.Рүстемұлына И.Қалымбетовтыӊ жұбайы Дана Абылайқызы өзініӊ арнайы сыйлығын табыстады.

Сондай-ақ, турнирге қатысқан барлық командаларға "Қайсар" футбол клубыныӊ атынан "Қайсар" футбол командасы ойыншыларыныӊ қолтаӊбасы қойылған доптар сыйға берілді.

Жеӊімпаз және жүлдегер командаларға диплом, медаль, кубоктар табысталса, номинация иегерлері диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны