25.09.2017, 18:41 7066

Қызылорда облысында акватлон турнирі өткізілді

Айта кету керек, акватлон - ол судағы және жердегі спорттық күрес. Акватлон үйлесімділікті, ептілікті дамытатын спорт ойыны болып табылады. Спорттыӊ бұл түрінен алғашқы рет өткізілген турнирге қызығушылық білдірген әртүрлі жастағы 200-ге жуық спорт жанкүйері қатысып, бақ сынасты.

Қызылорда. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, татар этномәдени бірлестігі, дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесе отырып Фаат Китаевты еске алуға арналған турнир өткізді.

Айта кету керек, акватлон - ол судағы және жердегі спорттық күрес. Акватлон үйлесімділікті, ептілікті дамытатын спорт ойыны болып табылады. Спорттыӊ бұл түрінен алғашқы рет өткізілген турнирге қызығушылық білдірген әртүрлі жастағы 200-ге жуық спорт жанкүйері қатысып, бақ сынасты.

Көп жылдар бойы Ғани Мұратбаев атындағы стадионныӊ директоры болған Ф. Китаев Татарстандағы Тельман қаласында дүниеге келген. 1930-1937 жылдар аралығында отбасымен Қызылордаға қоныс аударған. Еӊбек жолын 16 жасында мемлекеттік кемелер мекемесінде бастады. Кеӊес армиясы сапында борышын өтегеннен соӊ Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педогогикалық институтыныӊ дене тәрбиесі кафедрасында 10 жылдай оқытушы болды. Мотоспорт және жеӊіл атлетикамен жүйелі түрде шұғылданды. Сыр өӊіріндегі велоспорттыӊ негізін қалаушылардыӊ бірі. Ф. Китаев дене тәрбиесі кафедрасында қызмет атқарып жүріп, жас өрендерді велоспортқа баулыған.

Турнирдіӊ ашылу салтанатында "Қоғамдық келісім" КММ директорыныӊ орынбасары Асылбек Жұмабаев, Фаат Хамитұлыныӊ жұбайы Роза Китаева мен татар этномәдени бірлестігініӊ жетекшісі Галия Гизатуллина сөз алып, кқп есінде қалған ждайсаӊ жан туралы естеліктер айтты.

Ф. Хамитұлы ҚР халықтарыныӊ бірінші спартакиадасына Елбасы Н. Назарбаевтан шақырту алған өӊірдегі бірден-бір ардагер. Астанада өткен салтанатты іс-шарада Фаат Хамитұлына Елбасымыз алтын сағат тарту етті. Құрметті қонақ ретінде бірқатар ірі жарыстардыӊ куәсі болды, соныӊ ішінде 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиадаға да барды. Оныӊ есімі 2001 жылы Тәуелсіз Қазақстанныӊ 10 жылдығы қарсаӊында шыққан "Қарттарым-асыл қазынам" кітабына және 2005 жылы "Сыр елі" энциклопедиясына енді.

Ол Қазақстанда бірінші болып жасыл алаӊды қыста сақтаудыӊ жолын ойлап тапты. Бұл мәселе сол жылдары Қазақстан үшін еӊ өзекті мәселелердіӊ бірі болатын.

Бір күнге созылған турнирдіӊ нәтижесі бойынша жеӊімпаздар 16 жинақтағы марапат, соныӊ ішінде диплом, алқа белгісін иеленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны