02.05.2017, 20:53 5701

Қызылорда облысында "Алтын белбеу" сайысында Мақсат Исағабылов "Сыр Барысы", Нұрым Сәлімгереев "Сыр Арланы" атанды

"Сыр Сұӊқары" - қармақшылық Марат Баймахановқа 400 мыӊ теӊгеніӊ сертификаты табысталды.

Қызылорда. 2 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласы "Евразия" спорт кешенінде 30 сәуір күні қазақ күресінен облыстық "Алтын белбеу" сайысыныӊ ақтық кезеӊі мәресіне жетті. Биыл сегізінші мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке жанкүйерлер қауымыныӊ қызыға тамашалаған шарасына айналды.

"Алтын белбеу" жарысы айдан астам уақытқа созылды. Боз кілемдегі балуандар үш кезеӊ бойынша төрт жас деӊгейінде сынға түсті.

1-кезеӊі әр ауылдық аймақтарда наурыз айында өткізіліп, оған 5401 спортшы қатысты. 2-кезеӊі аудандық, қалалық жарыстар сәуірде ұйымдастырылып, оған 1521 спортшы бақ сынасса, 3-кезеӊі облыстық ақтық сайысқа 270 балуан төл өнерімізді дамытуға атсалысты. 3 кезеӊ бойынша барлығына 7192 спортшы сынға түсті.

Түйе палуан сайысына 14 спортшы қатысты. Олардыӊ арасында қызылордалық Мақсат Исағабылов "Сыр Барысы" атанды. Оған "Алтын белбеу" белдігі мен 1 млн 300 мыӊ теӊгеніӊ сертификаты табысталды.

"Сыр Арланы" титулын иеленген аралдық Нұрым Сәлімгереев 700 мыӊ теӊгеніӊ сертификаты берілсе, "Сыр Сұӊқары" - қармақшылық Марат Баймахановқа 400 мыӊ теӊгеніӊ сертификаты табысталды.

2 шілде күні Астана қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне Қызылорда облысынан М.Исағабылов пен Н.Сәлімгереев облыс намысын қорғайтын болады.

Жарыс жеӊімпаздары:

2002-2003 ж.т. кіші жасөспірімдер:

38 келі: Нақберген Тоқбаев (Шиелі)

42 келі: Темірлан Қуантаев (Қызылорда)

46 келі: Алмат Темірбаев (Қызылорда)

50 келі: Ескелді Қахарман (Қызылорда)

55 келі: Шакизат Сәбитов (Қармақшы)

60 келі: Рахат Шаймерденов (Қызылорда)

66 келі: Диас Мажитов (Қызылорда)

73 келі: Дамир Мұӊайтпасов (Байқоӊыр)

+73 келі: Иділет Мырзалиев (Қармақшы)

2000-2001 ж.т. жасөспірімдер:

46 келі: Мадияр Кетебаев (Қармақшы)

51 келі: Ермахан Қамар (Жаӊақорған)

57 келі: Олжас Оразалыұлы (Жаӊақорған)

64 келі: Елдос Мырзағұлов (Шиелі)

72 келі: Абылайхан Жұбаназар (Қазалы)

81 келі: Айберген Алдаберген (Жаӊақорған)

+81 келі: Сырбай Шынболатов (Арал)

1998-99 ж.т. жастар:

55 келі: Бекжан Төлепов (Шиелі)

60 келі: Арман Жалғасбекұлы (Қызылорда)

66 келі: Ринат Елеуліұлы (Арал)

74 келі: Дәулет Хабибуллаев (Сырдария)

82 келі: Рамазан Бисенбай (Қызылорда)

90 келі: Жұмағали Аманов (Сырдария)

100 келі: Шынтас Қайырбек (Қызылорда)

+100 келі: Ертөре Ағыбай (Шиелі)

Ересектер арасында:

55 келі: Бауыржан Райсов (Қармақшы)

60 келі: Дархан Сержанов (Байқоӊыр)

66 келі: Рахманберді Ибдірашит (Қызылорда)

74 келі: Ғалымжан Абдрахманов (Қармақшы)

82 келі: Ержан Абдуллаев (Қызылорда)

90 келі: Нұрым Сәлімгереев (Арал)

100 келі: Мақсат Исағабылов (Қызылорда)

+100 келі: Марат Баймаханов (Қармақшы)

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны