06.03.2017, 16:10 4508

Қызылорда облысында "Қайсар" және "Байқоӊыр" футбол клубтарыныӊ тұсаукесері өтті

Сенбі күні "Қайсар" және "Байқоӊыр" футбол клубтарыныӊ тұсаукесері өтті. Шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сөйлеп, облыс атынан сынға түсетін қос командаға сәттілік тіледі.

Қызылорда. 6 наурыз. Kazakhstan Today - Сенбі күні "Қайсар" және "Байқоӊыр" футбол клубтарыныӊ тұсаукесері өтті. Шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сөйлеп, облыс атынан сынға түсетін қос командаға сәттілік тіледі.

-Биыл "Қайсар" Премьер-лигада өнер көрсетер болса, "Байқоӊыр" Бірінші лигада, "Қайсар U 21" Екінші лигада бақ сынамақ. Алайда, "Қайсар" кейде көш бастап үздіктер қатарынан көрінсе, енді бірде қарқыны бәсеӊдеді. Десек те, ол өзініӊ еӊ басты миссиясын орындап отырды. Қиындықтарға қарамастан біз команданы үнемі қолдаумен болдық. "Қайсардыӊ" ағымдағы жылғы бюджеті нақтыланды, енді тек команданыӊ жаӊа жеӊістерін күтеміз. Командаға жоғары білікті маман, Болгар ұлттық құрамасыныӊ бұрынғы басшысы, бірнеше чемпионды тәрбиелеген Стойчо Младенов бапкер болып бекітілді. Алдағы уақытта команданыӊ Премьер-лигада сәтті өнер көрсетуіне бапкер тыӊғылықты жұмыс жасайды деп сенеміз,- деді әкім.

"Қайсар" және "Байқоӊыр" футбол командаларыныӊ ойыншылары өздерініӊ киім үлгілерін көрсетті, ал облыстық футбол федерациясыныӊ президенті Садық Мұстафаев оларға футболкалар табыстады.

Жалпы қайсарлықтардыӊ басты жеӊісі-Премьер-лигаға оралуы болды. Команда құрамы жаӊарып, жаӊа маусымға қызу дайындалды. Қорытындысында Былтыр "Қасқырлар" құрамында ойнаған легионерлер арасынан Иван Граф қана өз орнын сақтап қалды. Биылғы маусымда команда сапын Стойчо Младенов жұмыс істеген "Атыраудан" алты ойыншы, сондай-ақ Мақсат Байжанов, Евгений Горячий, Жамбыл Көкеев, Ілияс Имірсейітов және Дмитрий Евстигнеев, қақпашылар - Марсель Исламқұлов пен Антон Цирин толықтырды. Бұдан бөлек, "Қайсарда" бурундилық Саиди Нтибазонкиза, Мартиника ұлттық футбол құрамасыныӊ аяқдопшысы Матиас Курьор, Сьерра-Леонедан Джон Камара және Черногориядан Стефан Николич ойнайтын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны