28.08.2017, 16:56 9134

Қызылорда облысында қазақ күресінен жастар арасында Қазақстан жеӊімпаздары анықталды

Қызылорда облысы Жаӊақорған ауданы Машбек ауылында "Құрмет" орденініӊ иегері, еӊбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасыныӊ XII чемпионаты өтті.

Қызылорда. 28 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Жаӊақорған ауданы Машбек ауылында "Құрмет" орденініӊ иегері, еӊбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасыныӊ XII чемпионаты өтті.

Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 17 команда, 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.

Жарыстыӊ қорытындысы бойынша 55 келі салмақта І орын - Бекжан Төлепов Қызылорда обл.), ІІ орын - Даулет Ниетбай (Алматы қ.), ІІІ орындар - Ербол Алдухан (Алматы обл.), Нұр Аманшүкіров (Жамбыл обл.).

60 келі салмақта І орын - Нұржан Тлеухор (Қарағанды обл.), ІІ орын - Дидар Тұқышев (ШҚО), ІІІ орындар - Нұржан Теміржанов (Астана қ.), Дамир Абдеков (Қызылорда обл.).

66 келі салмақта І орын - Қоблан Жиенбек (Қарағанды обл.), ІІ орын - Ерік Имір (ОҚО), ІІІ орындар - Абылайхан Шаратов (Атырау обл.), Сағындық Ишім (Астана қ.).

74 келі салмақта І орын - Данияр Темірханов (Астана қ.), ІІ орын - Алик Наниев (Алматы қ.), ІІІ орындар - Мерей Советкакин (ШҚО), Руслан Мұсаев (Маӊғыстау обл.).

82 келі салмақта І орын - Ернат Мырзаханов (ОҚО), ІІ орын - Ерсін Сейітқазынов (ШҚО), ІІІ орындар - Ерасыл Жанатаев (Алматы қ.), Мади Амангелді (Астана қ.).

90 келі салмақта І орын - Бекарыс Абушахман (Алматы қ.), ІІ орын - Нұрбек Дариялов (Қызылорда обл.), ІІІ орындар - Илфараби Бекқұлы (ОҚО), Мерей Бердіғали (Қызылорда обл.).

100 келі салмақта І орын - Жасұлан Мұхаметханов (ШҚО), ІІ орын - Ерасыл Изімханов (Жамбыл обл.) ІІІ орындар - Олжас Сүлейменов (БҚО), Нұржан Ерахан (ОҚО.).

+100 келі салмақта І орын - Нұрғали Жолтаев (Алматы обл.), ІІ орын - Мақсат Исағабылов (Қызылорда обл.), ІІІ орындар - Айбек Қалибеков (ШҚО), Нұрдаулет Жарылғапов (Маӊғыстау обл.).

Жарыстыӊ "Үздік палуандары" - Нұрсұлтан Бейсенқұлов (Маӊғыстау обл.), Шыӊғыс Зәкен (Алматы обл.), Айболат Тынышпай (Жамбыл обл.), "Үздік төрешілер" - Дамир Рамазанов (БҚО), Думан Қыздарбеков (ШҚО), Серік Дәрменбаев (Қостанай обл.).

Сондай-ақ, 23 жасқа дейінгі жастар арасында қазақ күресінен өткен түйе палуандар сайысында маӊғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов бас жүлдені жеӊіп алды. Қалған орындарды қызылордалықтар Мақсат Исағабылов пен Нұрым Сәлімгереевтер иеленді.

Сонымен қатар, Еӊбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған волейболдан және шағын-футболдан облыстық ашық турнирлер өтті. Волейболға 7 команда, шағын-футболға 10 команда қатысты.

Волейболдан өткен турнирдіӊ қорытындысы бойынша:

І орын - Ибдіғаппар ауылы (Жаӊақорған ауд.)

ІІ орын - Жаӊарық ауылы (Жаӊақорған ауд.)

ІІІ орын - Шиелі ауданы

Турнирдіӊ "Үздік ойыншылары" - Айдын Байтұяқов (Жаӊарық ауылы), Нұрбек Назарбек (Машбек ауылы), Бекарыс Еген (Шиелі ауданы), Ержан Төлеков (Ибдіғаппар ауылы), Ғалымжан Бауыржанұлы (Жаӊақорған ауданы).

Шағын-футболдан жарыс қорытындысы бойынша:

І орын - "Сығанақ" командасы (Жаӊақорған ауд.)

ІІ орын - "Орион" командасы (Қызылорда қ.)

ІІІ орын - Бірлік ауылы (Жаӊақорған ауд.)

Турнирдіӊ "Үздік ойыншылары" - Абай Жамалдин (Жаӊақорған ауданы), Досхан Мауленқұлов (Жайылма ауылы), Ғалымжан Иділханов (Бірлік ауылы), Бекзат Құрманалиев (Қызылорда қ.), Илмахан Тұрдан (Машбек ауылы).

Сондай-ақ, еӊбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен түйе палуандар арасында III халықаралық турнир өтті. Оған Грузия, Өзбекстан және Қазақстаннан 15 палуан қатысты.

Нәтижесінде Алматы қаласыныӊ палуаны Руслан Абдразақов 1-орынды (1 млн. теӊге) иеленді. 2-орынды жамбылдық Айдос Теӊгебаев (500 мыӊ теӊге) қанжығасына байлады. Ал 3-орынды Өзбекстан палуаны Ихтиор Халмурадов (300 мыӊ теӊге) қанағат тұтты.

Айта кетейік, жарыстарға 400-ге жуық спортшы қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны