26.04.2017, 15:57 4634

Қызылорда облысында мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасыныӊ чемпионаты өтті

Ел чемпионатыныӊ қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ командасы көш бастады. Ақтөбе облысы - екінші, Алматы қаласы - үшінші орындарды иеленді.

Қызылорда. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысындағы "Мұз айдыны" спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасыныӊ чемпионаты өтті. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маӊғыстау, Қарағанды, Оӊтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарыныӊ спортшылары қысқа және еркін бағдарламаларда жіктеу разрядтарына сәйкес элементтерді орындау бойынша бақ сынасты.

Сондай-ақ, облыста алғашқы рет "Көктем жұлдыздары" республикалық турнирі ел чемпионатымен қатар өткізілді. Жарыстарға 5-10 жас аралығындағы 100-ден аса мәнерлеп сырғанаушы қатысты.

Ел чемпионатыныӊ қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ командасы көш бастады. Ақтөбе облысы - екінші, Алматы қаласы - үшінші орындарды иеленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны