03.05.2017, 15:17 4703

Қызылорда облысында өӊір футболынныӊ жағдайы талқыланды

Бірақ, жергілікті жанкүйерлердіӊ жайын ескерген облыс басшылығы орталық стадионныӊ қосалқы алаӊын жөндеу туралы шешім қабылдады.

Қызылорда. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ өӊірлік коммуникация қызметінде брифинг өтіп, онда өӊір футболынныӊ жағдайы талқыланды.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасыныӊ бастығы, облыстық футбол федерациясыныӊ президенті Садық Мұстафаев БАҚ өкілдеріне жуырда ғана өткен ҚКФЛ тексеруініӊ нәтижесі туралы айтып өтті.Тексеру нәтижесіне сәйкес бүгіннен бастап Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионныӊ негізгі алаӊы мен "Локомотив" стадионында ҚКФЛ аясындағы ойындарды өткізуге тыйым салынады. Оныӊ себебі алаӊ сапасыныӊ төмендігі.

Осыған орай ҚКФЛ қойған талапқа сәйкес "Қайсар" өз алаӊындағы ойындарды басқа қалаларда өткізуі тиіс.

Бірақ, жергілікті жанкүйерлердіӊ жайын ескерген облыс басшылығы орталық стадионныӊ қосалқы алаӊын жөндеу туралы шешім қабылдады. Бірақ оныӊ сыйымдылығы 1,5 мыӊ адамға лайықталған.

Осыған байланысты ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығыныӊ орынбасары, полиция полковнигі Қуаныш Шүкіров құқық қорғаушылардыӊ матч кезіндегі басты міндеті жанкүйерлер қауіпсіздігін қорғау екендігін атап өтті. Бірақ, небәрі мыӊ жарым орындық алаӊға 7 мыӊ жанкүйер ағылғанда олардыӊ қауіпсіздігін қорғау оӊай болмасы анық. Демек, "Қайсарға" жанашыр мыӊдаған жанға ойынды үйден тамашалауға тура келеді. Мәселеніӊ осы жағын баса айтқан Қ.Шүкіров жергілікті "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасы команданыӊ өзіміздегі ойынын тікелей эфирде көрсетсе деген ойын жеткізді.

Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадион директорыныӊ орынбасары Нұржан Машаевтыӊ айтуынша табиғи алаӊды реконструкциялауға шамамен 150 млн.теӊге бөлінеді. Жоспарланған жұмыстар дер уақытында бітсе, шілде-тамыз айларында "Қайсар" қарсыластарын жаӊа алаӊда қабылдайды. Осы пікірді тірілткен Садық Шоӊмұрынұлы жаӊа алаӊ сапасы Алматыдағы Орталық стадион алаӊымен бірдей болатынын жеткізді.

Брифингте "Қайсарға" тағы қосымша 63 миллион теӊге бөлініп отырғандығы айтылды. Футболшылар аймақ басшылығы мен жанкүйерлер тарапынан көрсетіліп отырған сенімді ақтауға барынша күш салады. Басты міндет чемпионат кестесінде 6-орыннан төмендемеу.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны