05.05.2017, 17:48 8598

Қызылорда облысында самбодан Кеӊес Одағыныӊ батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы турнир басталады

Бриг қаласына шабуыл барысында жаудыӊ станокты пулеметін, 60 әскерін жойып, 12 гитлершіні тұтқынға алды. Осы ерлігі үшін Т.Көмекбаевқа КСРО Жоғарғы Кеӊесі Төралқасыныӊ Жарлығымен 1945 жылы Кеӊес Одағыныӊ батыры атағы берілді.

Қызылорда. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Ертеӊ Қызылорда облысыныӊ Жосалы ауданында самбодан Кеӊес Одағыныӊ батыры Т.Көмекбаев атындағы дәстүрлі турнир жалауын көтереді.

Тәйімбет Көмекбаев 1942 жылы соғысқа алынып, I Украина майданы 21-армия 128-атқыштар дивизиясы құрамында шайқасты. Жау шебіне талай аттанған барлаушы майданда ерен ерліктіӊ үлгісін көрсетті. Ол 1945 жылы алғашқылардыӊ қатарында Одер өзенінен өтіп, оныӊ батыс жағалауындағы плацдармды ұстап тұрған жауынгерлер қатарында жау шабуылын тойтаруға катысты. Бриг қаласына шабуыл барысында жаудыӊ станокты пулеметін, 60 әскерін жойып, 12 гитлершіні тұтқынға алды. Осы ерлігі үшін Т.Көмекбаевқа КСРО Жоғарғы Кеӊесі Төралқасыныӊ Жарлығымен 1945 жылы Кеӊес Одағыныӊ батыры атағы берілді.

Ал батыр атындағы мемориал 1996 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бұл күнде халықаралық сайысқа көтерілген додаға биыл елімізден бөлек Армения, АҚШ, Изірбайжан, Белоруссия, Болгария, Ұлыбритания, Грузия, Германия, Греция, Жапония, Иран, Ирландия, Израиль, Қырғызстан, Корея, Латвия, Литва, Молдавия, Моӊғолия, Ресей, Сербия, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстаннан 300-ге жуық спортшы қатыспақшы. Бұл Т.Көмекбаев мемориалыныӊ әлем самбошылары арасында беделді жарысқа айналғандығын көрсетеді.

Турнир аясындағы жекпе-жектерден кейін балуандар абсолютті салмақта "Түйе палуан" жүлдесі үшін күреседі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны