20.06.2017, 22:55 9977

Қызылорда облысында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан жарыс өткізілді

Барлығы 9 команда қатысқан жастар жарысында спортшылар әдемі ойын өрнегін көрсетті.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан жарыс өткізді. Басқарманыӊ бұл бастамасына "ҚазақстанТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкі" АҚ Қызылорда филиалыныӊ демеушілік танытты.

Барлығы 9 команда қатысқан жастар жарысында спортшылар әдемі ойын өрнегін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орын жүлдесін облыстық ішкі істер департаменті командасы қанжығасына байлады, екінші орын "Халыққа қызмет көрсету орталығы" жастарында. Ал үштікті 3-орынды "Қазсушар" РМҚК-командасы түйіндеді.

Жарысқа қатысқан барлық командаларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны