10.05.2017, 15:57 5249

Қызылорда облысыныӊ Арал аудандық прокуратурасыныӊ ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында футбол турнирі өткізілді

Қызылорда облысыныӊ Арал аудандық прокуратураныӊ ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеӊіс күні мерекелеріне орай 5-6 сынып оқушылары арасында дәстүрлі 5-ші футболдан турнир өткізілді.

Қызылорда. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Арал аудандық прокуратураныӊ ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні және Ұлы жеӊіс күні мерекелеріне орай 5-6 сынып оқушылары арасында дәстүрлі 5-ші футболдан турнир өткізілді.

Оқушыларды Отансүйгіштікке және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған турнирде 12 командадан 150-ден астам оқушы жарысқа түсті.

Сонымен қатар, аудан әкімі М.Оразбаев пен аудан прокуроры Б.Тоқмырза бұқаралық спортты дамыту, мектеп оқушылары арасында қарым-қатынасты нығайту және балалар арасындағы құқық бұзушылықтардыӊ алдын-алу мақсатында ұйымдастырылып отырған турнирдіӊ маӊызы зор екендігін білдіре отырып, жасөспірімдерге сәттілік тіледі.

Бұл шараға аудандағы барлық мектеп директорлары белсенді қатысып, өз шәкірттеріне қолдауларын білдірді.

Екі күнге созылған жарыста №220 мектептуіӊ командасы І орынды иеленсе, ІІ және ІІІ орынды №83 мектеп пен №177 мектеп командасы өзара бөлісті. №177 мектеп оқушысы Құдайберген Саят "Үздік ойыншы" номинациясын, №220 мектеп оқушысы Данабек Тыныштықов "мерген шабуылшы", №83 мектеп оқушысы Нұрсейіт Илиев "үздік қорғаушы", ал №87 мектеп оқушысы Мейрамбек Жақсылықов "үздік қақпашы" номинациясымен марапатталды.

Турнирге қатысқан барлық командаларға футбол доптары табысталса, жеӊімпаздары мадақтама, медаль және кубоктармен марапатталды,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны