07.06.2017, 16:08 4900

Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданында ардагер спортшылар сайысқа түсті

Ұлы Жеӊістіӊ 72 жылдығы мен республикалық "Ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігініӊ 30 жылдығына орай ардагерлер арасында аудандық спартакиада ұйымдастырылды.

Қызылорда. 7 маусым. Kazakhstan Today - Ұлы Жеӊістіӊ 72 жылдығы мен республикалық "Ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігініӊ 30 жылдығына орай ардагерлер арасында аудандық спартакиада ұйымдастырылды. Оныӊ ашылу салтанатында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімініӊ басшысы Н.Есбосынов аудандық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы О.Бекбанов, Қазалы тораптық темір жолы ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Ж.Көрпебаев тағы басқалар жарысқа қатысушыларға игі тілектерін арнады.

Ардагер спортшылар үш күн бойы спорттыӊ теннис, бильярд, мылтық ату, дойбы, қол күресі, шахмат түрінен сайысқа түсіп шеберліктерін сынға салды.

Жарыс қорытындысында теннис пен бильярдтан Ибілқасым Алғашбаев, мылтық атудан Рабиға Шаламан, дойбыдан Иліби Илиев, қол күресінен Дәуренбек Өтепбергенов, шахматтан Серік Қуанышбаев бірінші орын алды.

Жеӊімпаздар мен жүлдегерлерге марапат тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны