23.08.2017, 15:58 8127

Қызылорда облысыныӊ Машбек ауылында қазақ күресінен ел чемпионаты басталады

24 тамыз күні Қызылорда облысыныӊ Жаӊақорған ауданы Машбек ауылында "Құрмет" орденініӊ иегері, еӊбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейін жастар арасында Қазақстан Республикасыныӊ чемпионаты, шағын-футболдан және волейболдан облыстық ашық турнирлер басталады.

Қызылорда. 23 тамыз. Kazakhstan Today - 24 тамыз күні Қызылорда облысыныӊ Жаӊақорған ауданы Машбек ауылында "Құрмет" орденініӊ иегері, еӊбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейін жастар арасында Қазақстан Республикасыныӊ чемпионаты, шағын-футболдан және волейболдан облыстық ашық турнирлер басталады.

Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 16 команда, 200-гежуық спортшылар 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.

25 тамыз күні қазақ күресінен "Түйе палуандар" арасында халықаралық турнир өтеді. Оған Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан палуандар бақ сынасады. Сондай-ақ, жастар арасында да "Түйе палуандар" сайысы ұйымдастырылады.

Жарыс жеӊімпаздары мен жүлдегерлері медаль, грамота, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

24 тамыз сағат 10.00-де Қазақстан чемпионаты басталса, сағат 13.00-де салтанатты ашылуы өтеді. 25 тамыз сағат 10.00-де қазақ күресінен халықаралық турнир басталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны