30.04.2017, 23:08 7785

Қызылорда облысыныӊ сауда орындарында жұмыс жасайтын жастар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды

Спорт бәсекесіне қаладағы барлық базарлар мен сауда орындарында жұмыс жасайтын жастардан жасақталған 16 команда қатысты.

Қызылорда. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасыныӊ қолдауымен "Қызылорда облысыныӊ жастар Одақтары" қоғамдық бірлестігі мен облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ сауда орындарында жұмыс жасайтын жастар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды.

Спорт бәсекесіне қаладағы барлық базарлар мен сауда орындарында жұмыс жасайтын жастардан жасақталған 16 команда қатысты. Жарыс қорытындысында "Айтбек" базарыныӊ командасы жеӊіске жетті. ІІ орынды "Ескі" базар командасы иеленсе, ІІІ орын Н. Ілиясов ауылынан келген "Қайнар" сауда орталығыныӊ командасына бұйырды.

Сонымен қатар "Үздік қақпашы", "Үздік шабуылшы" номинациялары тапсырылды. Жеӊімпаз командаларға бағалы сыйлықтар табысталып, қатысушы командалар Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасыныӊ алғыс хатымен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны