29.05.2017, 16:28 5755

Қызылорда облыстық Ішкі істер органдарыныӊ зейнеткері Ғалымжан Ахметовті еске алу құрметіне арналған турнир өтті

2017 жылдыӊ 27 мамырында ішкі істер органдарыныӊ зейнеткері, отставкадағы полиция полковнигі Ахметов Ғалымжан Ахметұлын еске алу құрметіне "Динамо" спорт кешенінде шағын футбол мен волейболдан турнир өтті.

Қызылорда. 29 мамыр. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 27 мамырында ішкі істер органдарыныӊ зейнеткері, отставкадағы полиция полковнигі Ахметов Ғалымжан Ахметұлын еске алу құрметіне "Динамо" спорт кешенінде шағын футбол мен волейболдан турнир өтті. Турнирдіӊ ашылу салтанатына Оӊтүстік Қазақстан облысы және Қызылорда облысы Ішкі істер департаменттерініӊ басшылығы, ішкі істер органдарыныӊ ардагерлері қатысты. Турнир Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдығына орай Ғалымжан Ахметов атындағы қайырымдылық қорыныӊ ұйытқы болуымен өткізілді.

Ахметов Ғалымжан Ахметұлы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 1952 жылдыӊ 16 қарашасында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылдыӊ маусым айында Қызылорда облысы ІІБ социалистік меншікті жымқырумен күрес бөлімініӊ ұйымдастырушылық-әдістемелік тобыныӊ инспекторы лауазымынан бастаған. Өзініӊ адалдығыныӊ, өз ісіне деген жауапкершілігініӊ арқасында әр жылдары жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасыныӊ бірінші орынбасары лауазымына дейін көтеріледі. 2005 жылдыӊ қаӊтар айында ІІО қатарынан полковник шенінде құрметті еӊбек демалысына шығады. Қызметтік міндетін мінсіз атқарғаны үшін бірнеше мәрте ҚР ІІМ-ніӊ омыраулық белгілерімен, Қызылорда ОІІБ-ніӊ құрмет грамоталарымен марапатталған Ғалымжан Ахметұлы 2014 жылдыӊ 6 маусымында 62 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Аталмыш турнирге құқық қорғау органдары, күш және басқа да арнайы құрылымдардыӊ және жасы 40-тан асқан ішкі істер органдары ардагерлерініӊ құрама командалары қатысты.

Спорттық бәсекеніӊ қорытындысы бойынша шағын футболдан І орынды Оӊтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментініӊ құрамасы иеленсе, ІІ және ІІІ орындарды ҚР ҰҚК шекара қызметініӊ 2019 әскери бөлімі құрамасы мен Облыстық сот құрамалары бөлісті.

Ал волейболдан І орынды Оӊтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментініӊ командасы қанжығасына байласа, Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті құрамасы ІІ орынға, Облыстық сот құрамасы ІІІ орынға табан тіреді. Ал, ҚР ҰҚК шекара қызметініӊ 2019 әскери бөлімі "Жеӊіске жігерлік танытқаны үшін" аталымы бойынша марапатталды.

Сонымен қатар, аталмыш турнир аясында ішкі істер органдарыныӊ ардагерлері волейболдан өзара бақ сынасып, нәтижесінде І орынды Оӊтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті ардагерлерініӊ командасы иеленсе, ІІ орынды Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті ардагерлерініӊ командасы қанжығаларына байлады.

Жеӊімпаздар мен жүлдегер командалар жарыс кубогымен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны