15.09.2017, 11:48 7058

Қызылордада 7 спорт кешенінініӊ құрылысы жүруде

Спорт нысандарыныӊ қолжетімділігін арттыру мақсатында биыл Қызылорда облысыныӊ 7 елді мекенінде, атап айтқанда Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еӊбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде заманауи үлгідегі спорт кешендері салынуда.

Қызылорда. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Спорт нысандарыныӊ қолжетімділігін арттыру мақсатында биыл Қызылорда облысыныӊ 7 елді мекенінде, атап айтқанда Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еӊбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде заманауи үлгідегі спорт кешендері салынуда. Аталған нысандар келер жылы ел игілігіне беріледі. Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ басшысы Олжас Акимов мәлімдеді.
Елбасы Жолдауына сәйкес 2020 жылға қарай Қызылордада спортпен тұрақты шұғылданушылардыӊ қатарын 30 пайызға жеткізу жоспарлануда. Бұл міндет бұқараны салауатты өмір салтын ұстануға үндеп, спорт нысандарыныӊ қатарын арттыру арқылы жүзеге асуда. Соӊғы 3 жылда өӊірде 9 спорт кешені пайдалануға берілген. Қызылорда қаласыныӊ "Мерей" мөлтек ауданында мемлекеттік жеке әріптестік аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. Мұнда 1200 адамныӊ 15 спорт түрімен шұғылдануына жағдай жасалған.

Көшедегі спорттық құрылымдарға қолжетімділікті арттыру мақсатында Ұлттық Олимпиадалық Комитетініӊ қолдауымен қаладағы орталық алаӊ, Тасбөгет, Мерей мөлтек аудандары мен М.Ералиева мәдениет үйі ауласында 4 стрит воркауд алаӊын салу жоспарланған. Қазіргі таӊда орталық алаӊдағы воркауд кешені жұмыс істеп тұр.

Ағымдағы жылдыӊ сегіз айында аймақта дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 26,4 пайызға көтеріліп, 203 594 адамға жетті. Бұқаралық спортты дамыту үшін 133 елді мекенге 270 спорт нұсқаушысы бекітіліп, дене шынықтырумен тұрақты айналысатын азаматтар саны 41 мыӊнан асты.

Айта кету керек, жыл басынан бері Қызылорда облысыныӊ спортшылары Қазақстан чемпионаттарында - 563 медаль жеӊіп алса, Азия, Илем чемпионаттарында - 53 медаль иеленді. Еліміздіӊ Ұлттық құрама командасына облыстан 420 спортшы енді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны