07.03.2017, 12:16 4823

Қызылордада ауыр атлетикадан әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан Республикасыныӊ кубогы және чемпионаты аяқталды

Қызылордада ауыр атлетикадан әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан Республикасыныӊ кубогы және чемпионаты аяқталды

Қызылорда. 7 наурыз. Kazakhstan Today - Бұған дейін 1-5 наурыз аралығында Қызылордада ауыр атлетикадан әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан Республикасыныӊ кубогы және чемпионаты өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Бес күнге созылған жарыста Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан 14 команда, 150 зілтемірші өзара мықтыны анықтады.

Жылдағы дәстүр бойынша 105 келі салмақ дәрежесінде жеӊімпаз атанған спортшыға ақшалай сыйлық пен Илья Ильин атындағы кубок сарапқа салынды. Бұл бәсекеде қызылордалық Рүстем Сыбай кубок пен сертификаттыӊ иегері атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысыныӊ ерлер командасы топ жарды. Қызылорда облысыныӊ командасы екінші орыннан көрінсе, Шығыс Қазақстан облысы үшінші орынды еншіледі.

Ал әйелдер арасында Алматы қаласы жеӊімпаз атанса, қалған орындарды Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысыныӊ командалары иеленді.

Сондай-ақ, қызылордалықтар Рүстем Сыбай мен Исем Садықова 10-15 сәуірде Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.

Жекелей жаттығулар бойынша жарыс нәтижесі төмендегідей болды. Ийелдер: 48 келі Юлия Протасова (Алматы) - 145 (65+80), 53 келі Исел Амангелді (Алматы қ.) - 175 (78+97), 58 келі Сәуле Сәдуақасова (Қостанай) - 195 (85+110), 63 келі Исем Садықова (Қызылорда) - 200 (90+110), 69 келі Майра Файзуллаева (ОҚО) - 210 (90+120), 75 келі Раушан Мешітханоа (Алматы қ.) -212 (102+110), 90 келі Валерия Дежнина (Қостанай) - 185 (85+100), +90 келі Александра Аборнева (ОҚО) - 240 (105+135), ерлер: 56 келі Асанханұлы Алмат (Қызылорда) - 203 (88+115), 62 келі Игорь Сон (Алматы) - 269 (119+150), 69 келі Михаил Дроздов (Алматы) - 295 (135+160), 77 келі Альберт Линдер (Алматы) - 327 (145+182), 85 келі Семен Линдер (Алматы) - 342 (160+182), 94 келі Айбек Жәнібеков (ОҚО) - 336 (151+185), 105 келі Рүстем Сыбай (Қызылорда) - 377 (166+211), +105 келі Ибрагим Берсанов (Алматы) - 367 (170+197).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны