12.04.2017, 16:55 5169

Қызылордада еӊбек сіӊірген жаттықтырушы Валентин Лиді еске алуға арналған веложарыс аяқталды

Қызылордада ҚазССР еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы Валентин Лиді еске алуға арналған ұлдар мен қыздар арасында веложарыс аяқталды. Екінші мәрте ұйымдастырылып отырған жарысқа Ақмола, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 11 команда бақ сынасты.

Қызылорда. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылордада ҚазССР еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы Валентин Лиді еске алуға арналған ұлдар мен қыздар арасында веложарыс аяқталды. Екінші мәрте ұйымдастырылып отырған жарысқа Ақмола, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 11 команда бақ сынасты. Бұл туралы облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасыныӊ баспасөз қызметі хабарлайды.

В.Ли Сыр бойындағы велоспорттыӊ бастауында тұрғандардыӊ бірі. 1934 жылы Сахалинде туып, Сыр бойында бойы бекіген азамат велоспорттан қырыққа жуық спорт шеберін тәрбиеледі. Оныӊ шәкірттері арасында спорттыӊ осы түрінен алғашқы халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Александр Полухин мен Виктор Хрустов, тұӊғыш спорт шеберлері - В.Сандыбаев, Р.Бадретдинов, С.Быков, Б.Данилов, В.Южаков, Г.Ким және В.Рыбакин бар.

Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде 15 шақырымдық жекелей жарыста қыздар арасында Исем Төлемісова бірінші болып келсе, ақмолалықтар Ульяна Сухоребрик күміс жүлдені, Алена Оськина қола жүлдені еншіледі.

Ұлдар арасында ақмолалық Сергей Срибный жеӊіс тұғырына көтерілсе, қызылордалық Айзат Сүлейменов 2-орынды, шығысқазақстандық Мейіржан Қайсаров 3-орынды иеленді.

30 шақырымдық топтық жарыста қыздар арасында ақмолалық Елизавета Гринберг бірінші, қызылордалықтар Анастасия Иванова екінші, Исем Төлемісова үшінші орындарға ие болды.

40 шақырымдық ұлдар арасында шығысқазақстандық Мейіржан Қайсаров жеӊімпаз атанса, қалған орындарды қызылордалық Айзат Сүлейменов пен ақмолалық Илібек Ибдіров еншіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны