16.05.2017, 17:39 4997

Қызылордада грек-рим күресінен Қазақстан жеӊімпаздары анықталды

Облыста алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 22 команда, 325 спортшы 10 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.

Қызылорда. 16 мамыр. Kazakhstan Today - 13-15 мамыр аралығында Қызылордада 2000-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасыныӊ чемпионаты өтті. Облыста алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 22 команда, 325 спортшы 10 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Нәтижесінде Қызылорда облысыныӊ балуандары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Дүбірлі додада еӊ мықтылар шілде айында Тайландта өтетін Азия чемпионатына және қыркүйекте Грецияда болатын Илем чемпионатында бақтарын сынайды.

Жеӊімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетініӊ медаль, дипломдарымен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны