13.04.2017, 15:31 5654

Қызылордада Қазақстан Республикасыныӊ 4-ші Жастар спорт ойындары аясында гандболдан жарыстар өтті

Қызылордада 6-12 сәуір аралығында Қазақстан Республикасыныӊ 4-ші Жастар спорт ойындары аясында гандболдан жарыстар өтті. Оған Астана, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Оӊтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан,Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысты.

Қызылорда. 13 сәуір. Kazakhstan Today -Қызылордада 6-12 сәуір аралығында Қазақстан Республикасыныӊ 4-ші Жастар спорт ойындары аясында гандболдан жарыстар өтті. Оған Астана, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Оӊтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан,Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысты.

Жеті күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысыныӊ командасы үшінші мәрте Жастар спорт ойындарыныӊ алтын жүлдесін жеӊіп алды. Күміс жүлденіОӊтүстік Қазақстан облысыныӊ спортшылары еншілесе, қола жүлде Астана қаласыныӊ командасына бұйырды.

Сайыстыӊ жеӊімпазжәне жүлдегер командалары диплом, медаль, кубоктармен марапатталды, делінген облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметініӊ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны