07.04.2017, 16:40 7767

Қызылордада ҚР IV Жастар спорт ойындары басталды

Бүгін Қызылорда қаласындағы "Евразия" спорт кешенінде Қазақстан Республикасыныӊ IV Жастар спорт ойындарыныӊ салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын айтулы додаға Астана, Алматы қалалары мен облыстардыӊ спортшылары спорттыӊ 35 түрінен бақ сынайды.

Қызылорда. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қызылорда қаласындағы "Евразия" спорт кешенінде Қазақстан Республикасыныӊ IV Жастар спорт ойындарыныӊ салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын айтулы додаға Астана, Алматы қалалары мен облыстардыӊ спортшылары спорттыӊ 35 түрінен бақ сынайды.

Мақсаты - жастардыӊ спортқа деген қызығушылығын арттыру, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жоғары білікті спортшыларды іріктеу.

Бағдарлама аясындаҚызылордада гандбол және тоғызқұмалақ жарыстары өтуде. Тоғызқұмалақ 10 сәуірге, гандбол ойындары 12 сәуірге дейін жалғасады.

Жастар ойындарына қатысушыларды облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетініӊ төрағасы Елсияр Қанағатов құттықтады.

Спорт ойындарыныӊ алауын жағу құрметінеауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Илем чемпионатыныӊ қола жүлдегері Евгений Ломанов, дзюдодан жастар арасында Илем чемпионы Мағжан Шамшадин,

дзюдодан жасөспірімдер Олимпиада чемпионы, тұӊғыш Илем чемпионы Бауыржан Жауынтаев ие болды.

Сайыстарды әділ жүргізуге төрешілер атынан тоғызқұмалақтан жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы, жарыстыӊ бас төрешісі Айнұр Жақапбаева, спортшылар атынан каратэ-додан Илем чемпионы Мөлдір Жаӊбырбай ант берді.

Жастар ойындары республиканыӊ барлық аймақтарында шілде айына дейін жалғасып, бірінші шілдеде Ақтөбе қаласында теннис жарыстарымен жабылу салтанаты өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны