03.04.2017, 18:59 5410

Қызылордада ҚР IV Жастар спорт ойындары өтеді

Бағдарлама аясында 6-12 сәуір аралығында Қызылордада гандбол және тоғызқұмалақтан жарыстар өтеді.

Қызылорда. 3 сәуір. Kazakhstan Today - 6 сәуірде Қызылорда қаласындағы "Евразия" спорт кешенінде Қазақстан Республикасыныӊ IV Жастар спорт ойындарыныӊ ашылу салтанаты өтеді. Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын айтулы додаға Астана, Алматы қалалары мен облыстардыӊ спортшылары спорттыӊ 35 түрінен бақ сынайды.

Мақсаты - жастардыӊ спортқа деген қызығушылығын арттыру, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жоғары білікті спортшыларды іріктеу.

Бағдарлама аясында 6-12 сәуір аралығында Қызылордада гандбол және тоғызқұмалақтан жарыстар өтеді.

Спорт ойындарыныӊ ашылу салтанаты 6 сәуір сағат 17.00-де.

Жастар ойындары республиканыӊ барлық аймақтарында шілде айына дейін жалғасып, бірінші шілдеде Ақтөбе қаласында жабылу салтанаты болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны