15.06.2017, 13:58 4407

Қызылордада мемлекеттік қызметкерлер арасында облыс әкімініӊ жүлдесі үшін дәстүрлі спартакиада өтуде

Қызылордада мемлекеттік қызметкерлер арасында облыс әкімініӊ жүлдесі үшін дәстүрлі спартакиада өтуде. Кеше спартакиада аясында пневматикалық винтовка ату жарысы мәреге жетті.

Қызылорда. 15 маусым. Kazakhstan Today - Қызылордада мемлекеттік қызметкерлер арасында облыс әкімініӊ жүлдесі үшін дәстүрлі спартакиада өтуде.

Кеше спартакиада аясында пневматикалық винтовка ату жарысы мәреге жетті. Жарыстыӊ бұл түрінен жоғары лигада облыстық ІІД командасы 84 ұпаймен бірінші орын алса, екінші орын 64 ұпай еншілеген 2019 әскери бөлім командасына бұйырды. Үшінші орынға 44 ұпайы бар облыстық білім басқармасыныӊ командасы лайық болды.

Бірінші лигада облыс әкімі аппараты қызметкерлері мергендігімен (52 ұпай) танылып, бірінші орынға шықты, екінші орында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу (36 ұпай) басқармасы тұр. Үшінші орын 26 ұпай жиған мемлекеттік кірістер департаменті мамандарына бұйырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны