23.08.2017, 15:53 7884

Қызылордада Спорт күні аталып өтті

2017 жылғы 20 тамыз күні Қызылорда қаласында ҚР Спорт күніне арналған қала тұрғындарыныӊ қатысуымен бұқаралық велошеру өтті. Велошерудіӊ мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, әрі облыста велоспорттыӊ кеӊінен өркен жайылуына үлес қосу.

Қызылорда. 23 тамыз. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 20 тамыз күні Қызылорда қаласында ҚР Спорт күніне арналған қала тұрғындарыныӊ қатысуымен бұқаралық велошеру өтті.

Велошерудіӊ мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, әрі облысымызда велоспорттыӊ кеӊінен өркен жайылуына үлес қосу.

Велошеру таӊғы 10.00-де "Сыр - Ана" монументінен басталып, Тәуелсіздік даӊғылы бойымен Ғ.Мұратбаев көшесі арқылы өтіп, орталық стадионда аяқталды.

Орталық стадионда Спорт күні мерекесімен сала мамандарын облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ басшысы Олжас Акимов құттықтап, спорттыӊ дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

Олардыӊ ішінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіӊірген еӊбегі үшін" төсбелгісімен спорт ардагері, бокстан КСРО спорт шебері Афанасий Ким, облыс әкімініӊ алғыс хатымен грек-рим күресінен ҚР еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы Виктор Юн, спорт басқармасыныӊ алғыс хатымен көгалдағы хоккейден ҚР еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландиндер марапатталды.

Сонымен қатар, спорт мекемелері арасында 16 команданыӊ қатысуымен волейболдан жарыс өтті.

Нәтижесінде "Қайсар" волейбол клубы айқын басымдық танытып, жеӊіске жетті. Екінші орынды облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебініӊ қызметкерлері алса, үшінші орын Қажымұқан спорт клубына бұйырды.

Жеӊімпаз және жүлдегер командаларға алғыс хат және кубоктар табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны