18.08.2017, 17:34 7770

Қызылордада Спорт күніне арналған велошеру өтеді

Шара мақсаты - бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындарды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға баулу, жастардыӊ велоспортқа қызығушылығын арттыру.

Қызылорда. 18 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылордада 20 тамыз күні ҚР Спорт күніне арналған қала тұрғындары, еріктілер және белсенді жастардыӊ қатысуымен бұқаралық велошеру өтеді. Шара мақсаты - бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындарды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға баулу, жастардыӊ велоспортқа қызығушылығын арттыру.
Таӊғы сағат 9.00-де "Сыр - Ана" монументі жанында қатысушылар жиналса, сағат 10.00-де велошеру басталады.

Сөре "Сыр - Ана" монументінен басталып, Тәуелсіздік даӊғылыныӊ бойымен Ғ.Мұратбаев көшесі арқылы мәре орталық стадионда аяқталады.

Бұқаралық велошеру өткізу барысында жоғарыда аталған көшелер жабылады. Шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны