20.04.2017, 15:15 5380

Қызылордада тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасыныӊ ерлер арасында командалық чемпионаты басталды

23 сәуірде чемпионаттыӊ жеӊімпаз-жүлдегер командалары анықталады.

Қызылорда. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылордада тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасыныӊ ерлер арасында командалық чемпионаты басталды. Жарысқа Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маӊғыстау, Қостанай, Павлодар, Оӊтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан спортшылар қатысуда.

Олардыӊ ішінде 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 13 спорт шебері, 26 спорт шеберіне үміткер спортшылар шеберлік байқасуда.

Ел чемпионаты айналма жүйесі бойынша өтуде. Жарыстыӊ алғашқы ойындарында Павлодар, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарыныӊ тоғызқұмалақшылары сәтті өнер көрсетуде.

23 сәуірде чемпионаттыӊ жеӊімпаз-жүлдегер командалары анықталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны