14.08.2017, 19:04 6444

Қызылордада үздік кикбоксшылар анықталды

Қызылордада Қазақстан бапкерлерін еске алуға арналған кикбоксингтен ерлер мен әйелдер арасында республикалық мықтылар турнирі аяқталды.

Қызылорда. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылордада Қазақстан бапкерлерін еске алуға арналған кикбоксингтен ерлер мен әйелдер арасында республикалық мықтылар турнирі аяқталды.

Жарыстыӊ салтанатты ашылуында ҚР кикбоксинг федерациясыныӊ президенті Тастанбек Есентаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирге Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 12 команда, 65 мықты кикбоксшылар қатысып, үздіктер анықталды.

Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған жарыс кикбоксингтіӊ фулл-контакт және К-1 бөлімдері бойынша өтті.

Төрешілердіӊ кеӊесі бойынша 4 номинация иегерлері белгіленді.

"Жеӊіске деген жігері үшін" - Азамат Досымбай (Астана қ.), "Үздік техника көрсеткені үшін" - Ғалымжан Қанаев (ОҚО) , "Үздік қапталдағы төреші" - Ерік Ануаров(ШҚО), "Үздік рефери" - Александр Вакарев (Қарағанды) марапатталды.

Кикбоксингтен ҚР бас жаттықтырушысы Қайрат Смағұловтыӊ айтуы бойынша, спортшыларқыркүйек айында Ашхабадта болатын Азия ойындарына және қараша айында Венгрияныӊ Будапешт қаласында өтетін Илем чемпионатына дайындалады.

Жарыс жеӊімпаздарыныӊ тізімі:

Фулл-контакт бөлімі бойынша:

51 келі: Талғат Букбасаров (Қостанай)

54 келі: Хусаин Ахмеджанов (ОҚО)

57 келі: Дияр Қожақов (Қостанай)

60 келі: Санжар Тойғамбеков (Қарағанды)

63.5 келі: Дидар Төлебаев (Қостанай)

67 келі: Нұрсұлтан Хасанов (Павлодар)

71 келі: Мади Тоқтаров (Қостанай)

75 келі: Бауыржан Абдуллаев (Жамбыл)

81 келі: Ғалымжан Қанаев (ОҚО)

86 келі: Роман Шлыков (ОҚО)

К-1 бөлімі бойынша, қыздар арасында:

51 келі:Стелла Ценбалета (ОҚО)

60 келі: Шара Хамзина (Павлодар)

Фулл-контакт бөлімі бойынша қыздар арасында:

48 келі: Ақтолқын Бижан (Қызылорда)

56 келі: Ақерке Наурызбаева (Жамбыл)

60 келі: Анжелика Дударь (ШҚО)

63.5 келі: Екатерина Братухина (Қарағанды)

К-1 бөлімі бойынша:

54 келі: Михаил Иванченко (ШҚО)

63.5 келі: Алдияр Орынбай (Жамбыл)

67 келі: Қанағат Нұрғалиев (ШҚО)

71 келі:Берік Қалықов (ШҚО)

81 келі: Михаил Татьков (Қарағанды)

86 келі:Заир Нұғманов (Астана қ.)

+91 келі: Айдын Абдрахманов (Алматы обл.)

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны