26.04.2017, 15:54 4841

Қызылордада велоспорттан қазақтан шыққан тұӊғыш Илем чемпионы Марат Сатыбалдиевтіӊ жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында республикалық веложарыс аяқталды

Қызылорда қаласында 21-23 сәуір аралығында велоспорттан қазақтан шыққан тұӊғыш Илем чемпионы, КСРО-ға еӊбегі сіӊген спорт шебері Марат Сатыбалдиевтіӊ жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында республикалық веложарыс аяқталды. Биыл сегізінш мәрте ұйымдастырылған жарысқа еліміздіӊ 7 облысынан 21 команда, 100-ден аса спортшы қатысты.

Қызылорда. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласында 21-23 сәуір аралығында велоспорттан қазақтан шыққан тұӊғыш Илем чемпионы, КСРО-ға еӊбегі сіӊген спорт шебері Марат Сатыбалдиевтіӊ жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында республикалық веложарыс аяқталды. Биыл сегізінш мәрте ұйымдастырылған жарысқа еліміздіӊ 7 облысынан 21 команда, 100-ден аса спортшы қатысты.

Жарыста "Еӊ белсенді велошабандоз" номинациясымен Александр Сафаров (Алматы облысы), "Еӊ жас велошабандоз" - қызылордалық Аян Шектібаев, "Жеӊіске деген ынтасы үшін" - Тимур Советханов (ШҚО) марапатталды.

Үш күнге созылған веложарыстыӊ қорытындысы бойынша

Ұлдар арасындағы 4 шақырымдық жекелей жарыста I орынды Бекзот Магрипов (Жамбыл) иеленсе, II орын Ярослав Зинковскийге (Павлодар), III орын Оглы-Осман Кояга (Жамбыл) бұйырды.

Қыздар арасында осы қашықтықты ұйымдастырылған жарыс жеӊімпазы қызылордалық Исем Төлемісова болды. Екінші орынға Милана Чичева (Жамбыл) көтерілсе, үшінші жүлде иегері Елена Мандракова (ШҚО).

Ұлдар арасында 60 шақырымдық жарыс жеӊімпаздары: I орын Максим Попугаев (Алматы қ.), II орын Бекзат Магрипов (Жамбыл), III орын Ярослав Зинковский (Павлодар).

Қыздар арасындағы қырық шақырымдық топтық жарыс: I орын Милана Чичева (Жамбыл), II орын Ақтолқын Ибдіжаппар (Қызылорда), III орын Аружан Ғалымжанқызы (Қызылорда).

Ұлдар. 25 шақырымдық критериум: I орын Оглы-Осман Коя (Жамбыл), II орын Максим Попугаев (Алматы қ.), III орын Ярослав Зинковский (Павлодар).

Қыздар. 15 шақырымдық критериум: I орын Ақтолқын Ибдіжаппар (Қызылорда), II орын Елена Мандракова (ШҚО), III орын Милана Чичева (Жамбыл).

Ұлдар арасындағы жалпыкомандалық есепте бірінші орын Жамбыл облысы спортшыларына, екінші және үшінші орын Алматы қаласы мен Павлодар велошабандоздарына бұйырды.

Қыздар арасында өткен жарыстарда жалпыкомандалық есепте I орын иегері Қызылорда облысы командасы атанды. Екінші орынға Жамбыл облысы, үшінші орынға Шығыс Қазақстан облысы спортшылары шықты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны