19.04.2017, 16:06 7380

Қызылордадағы ҚР Ұлттық ұланы №5547 әскери бөлімінде самбо күресінен "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығы біріншілігі өтті

Біріншілікке Алматы, Талдықорған, Тараз, Ұзынағаш, Шымкент пен Қызылорда қаласындағы тоғыз әскери бөлім қызметкерлері қатысты.

Қызылорда. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылордадағы ҚР Ұлттық ұланы №5547 әскери бөлімінде самбо күресінен "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығы біріншілігі өтті.

Біріншілікке Алматы, Талдықорған, Тараз, Ұзынағаш, Шымкент пен Қызылорда қаласындағы тоғыз әскери бөлім қызметкерлері қатысты.

Самбо (қарусыз өз-өзін қорғау) - КСРО кезінде пайда болған спорттық жекпе-жек түрі. Илем халықтарыныӊ ұлттық күрестерініӊ әдістері топтастырылған бұл спорт түрі бүгінде жер жүзіне кеӊінен танымал екендігін айта кетейік.

Жарыстыӊ салтанатты ашылуына қатысқан Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстан майданыныӊ ардагерлері, спортпен айналысу әскерилер бойында төзім мен жігер қалыптастыратынын атап өтті. Самбо отбасы мен Отанын қорғаймын деген әрбір азаматтыӊ серігі болуы тиіс.

Бірінші орынды Шымкенттегі № 6506 әскери бөлім самбошылары алса, екінші орын тұғыры 5571 әскери бөлім (Алматы) сарбаздарына бұйырды, ал Қызылордадағы 5547 әскери бөлім спортшылары үшінші орынды иеленді. Жалпыкомандалық есепте № 5513, 7552, 28237, 5514, 6698 және 3650 әскери бөлімдері қалған орындарға тұрақтады.

Жарыс жеӊімпаздары мен жүлдегерлеріне марапатты ҚР Ұлттық Ұлан "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшысы, генерал-майор Қайрат Ақтанов тапсырды. Ол сайыста озып шыққандарға медальдар мен грамоталарға қоса "Динамо" денешынықтыру-спорт ұйымыныӊ экипировкасын табыстады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны