04.07.2017, 13:06 5116

Қызылордалық Еламан Ерғалиев "Қазақстан барысы-2017" атанды

Астанада Қазақстан Республикасы Тұӊғыш президентініӊ жүлдесі үшін қазақ күресінен VII Республикалық турнир өтті. Палуандар сайысында 22 жастағы Еламан Ерғалиев "Қазақстан барысы-2017" атанды.

Қызылорда. 4 шілде. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстан Республикасы Тұӊғыш президентініӊ жүлдесі үшін қазақ күресінен VII Республикалық турнир өтті. Палуандар сайысында 22 жастағы Еламан Ерғалиев "Қазақстан барысы-2017" атанды.

Елодадағы "Барыс Арена" сарайында өткен "Қазақстан барысы-2017" турнирініӊ финалдық жекпе-жегінде осы жарыстыӊ тұӊғыш жеӊімпазы Ұлан Рысқұловпен шыққан Еламан қарсыласын жамбасқа лақтырып, таза жеӊіске жетті.

Жеӊімпаз атанған Еламан Ерғалиевке алтын белбеу және алтыннан құйылған "Тайтұяқ" табысталады. Сондай-ақ, жас палуанға 25 миллион теӊге, бапкеріне 3 500 000 теӊге бұйырды.

Ал, екінші орын иеленген Ұлан Рысқұлға күміс белбеу мен 5 500 000, бапкеріне 1 800 000 теӊге берілді.

Үздік үштікті түйіндеген Айбек Нұғымаровқа 1,8 миллион теӊге сыйақы тапсырылса, бапкері 900 мыӊ теӊгені қанжығасына байлады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны