02.03.2017, 14:12 4757

Қызылордалық "Қайсар" футбол клубы маусымдағы алғашқы ойынын 8 наурыз күні өткізеді

Қызылордалықтар өз алаӊында Көкшетаудыӊ "Оқжетпесін" қабылдайды.

Қызылорда. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев қызылордалық "Қайсар" футбол клубы бас бапкерлігіне тағайындалған Стойчо Младеновты қабылдады. Болгарлық маман аймақ басшысына алға қойған мақсаттарын айтып, жергілікті жанкүйерлер сенімін ақтауға күш салатынын жеткізді.

Қабылдаудан соӊ БАҚ өкілдеріне сұхбат берген бас бапкер Премьер-лигаға қайтып оралған клубтыӊ мүмкіндігі зор екендігін жеткізді.

- Команда жоғары лигаға жеӊіс үшін келді деп ойлаймын. Ойыншылар құрамында азды-көпті өзгерістер болуы мүмкін, жалпы команданыӊ ойын өрнегі көӊілімнен шықты. Облыс әкіміне үлкен алғыс айтамын, қолдау бар, қаржы бар. Тек, жақсы нәтижеге жетуге тиіспіз. Негізгі мақсатымыз - маусымды үздік алтылық қатарында аяқтау. Бұған толыққанды мүмкіндік бар, - деді бас бапкер.

Айта кетейік, "Қайсар" футбол клубы маусымдағы алғашқы ойынын 8 наурыз күні өткізеді. Қызылордалықтар өз алаӊында Көкшетаудыӊ "Оқжетпесін" қабылдайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны