14.08.2017, 16:21 6257

Қызылордалық полицей Лос-Анджелесте өткен әлем біріншілігінде қола жүлде иегері болып танылды

2017 жылдыӊ 10-16 тамыз аралағында АҚШ-тыӊ Калифорния штатыныӊ Лос-Анджелес қаласында Бүкіләлемдік полицейлер және өрт сөндірушілер арасында әлем біріншілігі өтуде. Аталған спорттық шараға әлемніӊ 67 елінен құқық қорғау органдарыныӊ 8 мыӊнан астам қызметкерлері қатысып, бақтарын сынауда.

Қызылорда. 14 тамыз. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 10-16 тамыз аралағында АҚШ-тыӊ Калифорния штатыныӊ Лос-Анджелес қаласында Бүкіләлемдік полицейлер және өрт сөндірушілер арасында әлем біріншілігі өтуде. Аталған спорттық шараға әлемніӊ 67 елінен құқық қорғау органдарыныӊ 8 мыӊнан астам қызметкерлері қатысып, бақтарын сынауда.

Бұл жарысқа Қазақстанныӊ намысын қорғау үшін Қызылорда облысы ішкі істер департаментініӊ Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтыӊ аға инспекторы полиция аға лейтенанты Абдуллаев Ержан Серікбайұлы қатысып, жарыстыӊ бірінші күні-ақ еліміздіӊ қоржынына дзюдо спорты бойынша қола жүлде салды. Жарыс кезінде 81 келі салмақ дәрежесіндегі атлеттермен белдесіп, артқа тастаған Ержан финалда ресейлік және бельгиялық қарсыластарына ғана жол беріп, ІІІ орын иегері атанды.

Полиция аға лейтенанты Ержан елімізде өткізілген бірнеше спорттық шараларда топ жарған. Атап айтқанда, 2015 жылы Шу қаласында өткізілген ІІМ чемпионатыныӊ қоян-қолтық күресі бойынша ІІ орын жүлдегері, 2017 жылы наурыз айында өткізілген ҚР чемпионатыныӊ самбо күресінен ІІІ орын иегері, Т.Көмекбаев атындағы самбо турнирініӊ ІІ орын жүлдегері атанған,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны