30.03.2017, 21:46 5606

Қызылордалық спортшылар белбеу күресінен өткен ел чемпионатында бірінші орын иеленді

Петропавл қаласында белбеу күресінен 2002-2004 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен ел чемпионатында қызылордалық спортшылар жалпыкомандалық есепте бірінші орынды (6 алтын, 6 күміс, 5 қола) жеӊіп алды,- деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қызылорда. 30 наурыз. Kazakhstan Today - Петропавл қаласында белбеу күресінен 2002-2004 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен ел чемпионатында қызылордалық спортшылар жалпыкомандалық есепте бірінші орынды (6 алтын, 6 күміс, 5 қола) жеӊіп алды,- деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жарыста Шиелі, Жаӊақорған ауданы, Қызылорда қаласы және Түгіскен елді мекенініӊ спортшылары жақсы өнер көрсетіп, команданыӊ алға шығуына өз үлестерін қосты. Атап айтсақ, Алтынбек Өмірәлі (38 келі), Перизат Илібек (40 келі), Нұртілеу Анарбай (50 келі), Жансая Сайдуллаева (+57 келі) Қайсар Төлен (60 келі), Диас Мажитов (65 келі) Қазақстан жеӊімпазы атанса, Нұрғали Омар (42 келі), Сәния Сейілханова (44 келі), Нұрберген Ерғали (46 келі), Аслан Ибсаттар (50 келі), Асұлан Иділхан (60 келі), Бақдәулет Аманкелдіұлы (71 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Зарина Серікқали (36 келі), Айберген Маукенбай (46 келі), Бердібек Имірбек (55 келі), Қуаныш Иседулла (71 келі), Шерхан Оразқұл (77 келі) қола жүлдені еншіледі.

Спортшыларды жарысқа белбеу күресінен облыстыӊ аға жаттықтырушысы Ибдісаттар Садықов дайындады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны