05.10.2018, 17:24 8588

Қызылордалық тәртіп сақшылары спорттық шеберліктерін көрсетті

Шағын футбол мен арқан тарту, қол күрес сайыстары бойынша басқарманыӊ барлық қызмет салаларынан барлығы 160 қызметкерден 10 команда құрылып, олар "Үздік қақпашы", "Үздік шабуылшы", "Үздік қорғаушы" номинациялары бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетті.

Қызылорда. 5 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдық мерейтойы және Криминалдық полиция басқармасыныӊ 100 жылдығына орай ағымдағы жылдыӊ қыркүйек айыныӊ 30 күні "Динамо" спорт кешенінде Қызылорда қаласы Ішкі істер басқармасыныӊ жеке құрам қызметкерлері арасында шағын футбол, арқан тарту және қол күрес сайыстары өткізілді.

Аталмыш сайыс басқарма қызметкерлерініӊ жұмысын ұйымдастыру деӊгейін жоғарылату, олардыӊ кәсіби қызметін ынталандыру және моральдық, психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Шағын футбол мен арқан тарту, қол күрес сайыстары бойынша басқарманыӊ барлық қызмет салаларынан барлығы 160 қызметкерден 10 команда құрылып, олар "Үздік қақпашы", "Үздік шабуылшы", "Үздік қорғаушы" номинациялары бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетті.

Сонымен қатар, аталған командалар арасында мини - футбол ойыны бойынша тартымды әрі бәсекелі ойын өткізіліп, нәтижесінде басқарманыӊ тергеу бөлімініӊ командасы үздік ойын көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынға басқарманыӊ Штаб бөлімініӊ командасы ие болса, үшінші орынды басқарманыӊ Криминалды полиция бөлімініӊ командасы иеленді.

Ал арқан тартыс сайысы бойынша Ақсай және Тасбөгет полиция бөлімінен құралған құрама команда бірінші орынды иеленді. Екінші орынды басқарманыӊ Жергілікті полиция қызметініӊ ювеналды полиция бөлімініӊ ювеналды полиция инспекторлары командасы иеленсе, үшінші орынды басқарманыӊ криминалдық полиция бөлімініӊ командасы иеленді.

Қол күрес сайысында басқарманыӊ криминалдық полиция бөлімініӊ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Илімжан Илімбетов өзіне деген қарсыластарды шақ келтірмей, жеӊімпаз атанды.

Жеӊімпаз командалар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Осылайша басқарма қызметкерлері арасында өткізілген салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған спорттық іс-шаралар полиция қызметкерлерініӊ дайындықтарыныӊ деӊгейін арттырып, төзімділік пен сенімділіктерін нығайта түсуде.

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны