10.07.2017, 18:21 6419

Көгалдағы хоккейден ерлер арасында өткен Қазақстан Республикасыныӊ кубогында Қызылорда облысыныӊ "Қайсар" командасы жеӊімпаз атанды

Қызылорда облысыныӊ командасы 2016 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатыныӊ жеӊімпазы екендігін де айта кетейік. Сондай-ақ, индор хоккейден әйелдер командасы биылғы жылы Катарда өткен Азия кубогында 1-орын иеленіп, келесі жылы Германияда болатын әлем чемпионатына жолдамасын жеӊіп алған болатын.

Қызылорда. 10 шілде. Kazakhstan Today - Тараз қаласында көгалдағы хоккейден ерлер арасында өткен Қазақстан Республикасыныӊ кубогында Қызылорда облысыныӊ "Қайсар" командасы жеӊімпаз атанды.

ҚР еӊбек сіӊірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындаған команда сапында облыс намысын сырдариялықтар Нұрхан Сансызбаев, Бақытбек Сәрсенбайұлы, Мұрат Ешпанов, Бақытбек Тәшенов, Ғалымжан Илиев, Ақниет Жолдыбай, Диас Илжанов, Ерасыл Қайқыбеков, Шыӊғыс Сейітқалиев, Елдос Сейткереев, Нұрлыбек Ұзақов, Асхат Зұлпыхаров, Жалғас Ибадуллаев, Дәулет Илиев, Мағжан Төрәлиев, Олжас Иуезхан, Асхат Ермағанбетов және қазалылық Мұқағали Сансызбаевтар қорғады.

Қызылорда облысыныӊ командасы 2016 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатыныӊ жеӊімпазы екендігін де айта кетейік. Сондай-ақ, индор хоккейден әйелдер командасы биылғы жылы Катарда өткен Азия кубогында 1-орын иеленіп, келесі жылы Германияда болатын әлем чемпионатына жолдамасын жеӊіп алған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны