18.01.2008, 17:49 3998

ҚР 2008 жылы Пекинде өтетін Олимпиада ойындарында 100-110 олимпиада лицензиясын жеңіп алмақшы

ҚР 2008 жылы Пекинде өтетін Олимпиада ойындарында 100-110 олимпиада лицензиясын жеңіп алмақшы

Астана. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Пекинде 2008 жылы өтетін 29 жазғы Олимпиада ойындарында 100-110 көлемде олимпиадалық лицензияны жеңіп алмақшы. Бұл туралы бүгін өткен ҚР туризм және спорт министрлігінің коллегиясында спорттық қор және ұлттық командалық штаты дирекциясының директоры Ілсияр Қанағатов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінгі кезде біздің сайыскерлеріміз спорттың 16 түрі бойынша 69 олимпиадалық лицензияны ұтып алды ", - деді І. Қанағатов.

"Жоспарланған міндеттеріне сәйкес, жалпы 100-110 олимпиадалық лицензияны жеңіп алу көзделген ", - добавил он.

Спорттық резерв және ұлттық командалық штаты дирекциясы директорының сөздеріне қарағанда, қазақ спортшыларының жеңісі 3 спорт түрінде болары анық, ол бокс, ауыр атлетика. Бұл түрде қазақстандықтар бір мемлекеттің атлеттері үшін белгіленген 10 олимпиадалық лицензияның 9 жеңіп алған. Сонымен қатар, әйелдердің еркін күресі, оқпен ату спорт түрлерінде біздің сайыскерлерміз жеңіске жетуі мүмкін.

І. Қанағатовтың мәліметтері бойынша, Олимпиадалық ойындарға қатысуға штаттық ұлттық командасына 365 қазақстан спортшысы кіргізіліп, олардың қатарында бір олимпиада чемпионы, Олимпиадалық ойындардың 5 жүлдегері, Илемдік Чемпионаттардың 26 жүлдегері, 15 чемпион және түрлі жылдарда Азия чемпионы атағына ие болған 108 сайыскер бар. "Ұлттық штаттық командасы спортшыларының орта жасы 25-те", - деді ол.

"Халықаралық жарыстарға шыққандардың қорытындыларын сараптау негізінде Олимпиадалық ойындарында жақсы көрсеткіштерге жете алатын 34 кандидат анықталды", - деп атап өтті І. Қанағатов.

Оның пікірінше, 20 спортшының 16- сы, 1-6 орындарға таласа алады.

Алайда, ол Қазақстанның Олимпиадалық ойындарда қандай медалдарға қол жеткізе алатыны жөнінде нақты болжамдарды айтпады.

Өз кезегінде сөз алған ҚР ауыр атлетика бойынша ұлттық командасының бас бапкері Алексей Ни, қазақстандық ауыр атлеттері 4 олимпиадалық медалді жеңіп алуды көздеп отырғанын мәлімдеді. Оның ішінде алтын медалі де бар. "Олимпиаданың алтынын біздің командамыздың ішінен Илья Ильин алуы мүмкін ", - деп түсіндірді А. Ни.

Сонымен қатар, ҚР туризм және спорт министрлігінің таратқан материалдарында пекиндік Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін тағайындалатын сыйлық мөлшері көрсетілген. Бірінші орын үшін - $250 мың , екінші орын- $150 мың, үшінші орын $75 мың, төртінші орын - $30 мың, бесінші орын $10 мың, алтыншы орын $5 мың беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны