28.07.2015, 16:53 8548

ҚР армиясыныӊ спортшылары ТМД елдері арасындағы жарыстыӊ бірінші күні 26 медаль жеӊіп алды

Мәскеуде өтіп жатқан ТМД елдерініӊ достас армиялары арасындағыАлғашқы әскери-спорт ойындарына кіріскен қазақстандық армия құрамасыныӊ қоржыны 26 медальмен толықты. Олардыӊ төртеуі алтын, 9-ы күміс және 13-і қола

Астана. 28 Шілде. Kazakhstan Today - Мәскеуде өтіп жатқан ТМД елдерініӊ достас армиялары арасындағыАлғашқы әскери-спорт ойындарына кіріскен қазақстандық армия құрамасыныӊ қоржыны 26 медальмен толықты. Олардыӊ төртеуі алтын, 9-ы күміс және 13-і қола, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жарыстыӊ бірінші күні біздіӊ топ құрамын жоғарғы сатыдакөрсеткенжүзуден халықаралық сыныптағы спорт шебері кіші сержант Александр Тарабинболды. Ол 50 және 100 метр аралыққа арқамен жүзуден екі алтын медальді жеӊіп алды. Осы спорт түрінен армиялық Михаил Никульшин, Георгий Парашютов, Евгений Азарьев және Андрей Зубаков сынды спортшылар 5 күміс және 5 қола медальғаиеленді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Илемніӊ 11 дүркін чемпионы кіші сержант Виталий Диденко 95 кг салмаққа дейінгі санатта кір спортынан "алтын медаль" иегері атанды. Топ құрамына тағы да бір алтын медаль сыйлаған 60 кг салмақтағы дзюдоист қатардағы жауынгер Гусман Қырғызбаев еді.Осы орайда спорттыӊ аталған түрінен біздіӊ спортшылар Мейіржан Қалтаев, Талғат Иміренов, Ишімхан Қажы, Қажымұқан Өтеулиев және Асан Мәмбетқұлов екі күміс және үш қола жүлдені иеленді. Осылайша бүгінгі күні біздіӊ топ көш бастаушы бағытты ұстанып отыр.

Естеріӊізге сала кетсек, ТМД елдерініӊ достас армиялар арасындағы Алғашқы әскери-спорт ойындарына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Белорусь және Армения армиялары спортшыларынан құралған командалар қатысады. Қатысушылардыӊ барлығы 300-ден астам әскери қызметші. Бұл бәсекеде ел намысын ҚР ҚМ Армияныӊ орталық спорт клубыныӊ атақты спортшылары қорғайтын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны