09.12.2015, 12:37 5797

ҚР Қарулы Күштерініӊ спортшысы оқ ату бойынша Қазақстанныӊ жаӊа рекордын орнатты

Алматыда ҚР спорттық оқ ату Федерациясы Президентініӊ кубогында пневматикалық қарудан оқ атуда Қазақстан Республикасыныӊ жаӊа рекорды орнатылды. Оныӊ авторы ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубыныӊ армиялық спортшысы Юрий Юрков атанды

Астана. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда ҚР спорттық оқ ату Федерациясы Президентініӊ кубогында пневматикалық қарудан оқ атуда Қазақстан Республикасыныӊ жаӊа рекорды орнатылды. Оныӊ авторы ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубыныӊ армиялық спортшысы Юрий Юрков атанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

10 метр қашықтықта атқыш 624,4 ұпай жинап, Изірбайжанда өткен 2015 жылғы әлем кубогында орнатқан алдыӊғы 622,9 ұпайынан асып түсті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұл рекорд - армиялық спортшыныӊ тағы бір жетістігі. Бүгінде оныӊ қоржынында әлем кубогыныӊ жеӊімпазы, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2016 жылы өтетін Олимпиадалық ойындарға арналған лицензия иегері, сондай-ақ осы жылдыӊ қорытындысы бойынша ҚР спорттық оқ ату федерациясыныӊ рейтингісінде бірінші орын бар.

Сонымен бірге, кәсіби және бұқаралық қазақстандық әскери спортқа ұмтылуда тағы бір қадам.

Бүгінде еліміздіӊ Қарулы Күштерінде спортқа ерекше көӊіл бөлініп отырғанын айта кеткен жөн. Искери қызметшілерді әрі қарай дамыту және спортқа баулу үшін осы жылы алғаш рет Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс Искери институтыныӊ спорттық базасында ҚР Қарулы Күштерініӊ дене даярлығы және спорт мамандарымен оқу-әдістемелік жиын ұйымдастырылды. Мұнда ҚР ҚМ АОСК және дене шынықтыру әскери институтыныӊ офицерлері дене даярлығын басшылыққа алу, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және есепке алу жөнінде бірлескен дәрістер мен семинарлар өткізді. Дене даярлығы бойынша сабақтарды өткізудіӊ педагогикалық негіздерін, әскери қызметшілердіӊ дене тұрғысындағы қасиеттерін дамыту әдістемелерін, медициналық қамтамасыз етуді қарастырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны