20.10.2015, 12:01 10763

ҚР ҚМ АОСК-ныӊ әскери қызметшісі ғаламшардыӊ үздік спортшысы болып танылды

Дүниежүзілік таэквондо федерациясы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубыныӊ қатысушысы қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Мамаевты ғаламшардыӊ үздік спортшысы екенін жария етті. Бұл мәртебе қазақстандық спортшы жауынгерге Манчестердегі (Ұлыбритания) таэквондодан (WTA Grand Prix) әлемдік Гран-при кезеӊінде сәтті өнер көрсетуден кейін берілді

Астана. 20 Қазан. Kazakhstan Today - Дүниежүзілік таэквондо федерациясы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубыныӊ қатысушысы қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Мамаевты ғаламшардыӊ үздік спортшысы екенін жария етті. Бұл мәртебе қазақстандық спортшы жауынгерге Манчестердегі (Ұлыбритания) таэквондодан (WTA Grand Prix) әлемдік Гран-при кезеӊінде сәтті өнер көрсетуден кейін берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

58 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Мамаев испаншы Жезус Тортос Кабреромен айқасуда жеӊіске жетіп, әлемніӊ 30 мықты таэквондошысы арасындағы абсолюттік чемпион атанды.

"Қазір Нұрсұлтан өрлеу үстінде. Ол ірі әлемдік турнирлерде бірнеше мәрте жеӊістерімен өзініӊ шеберлігін растай отырып, қарқынды түрде жоғарыға қарай ілгерілеуде. Соӊғы уақыт ішінде ол қатарынан бірнеше рейтингтік сайыстарды жеӊіп алды. Қазіргі кезде Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға лицензия алуға бірден-бір үміткер болып табылады және жоғары марапаттарды алуды көздеп отыр", - деп атап өтуде таэквондодан команда бастығы ҚР ҚМ АОСК-ныӊ капитаны Инуар Үсенов.

Нұрсұлтан Мамаев 2010 жылғы жазғы жасөспірімдердіӊ Олимпиялық ойындарыныӊ күміс жүлдегері, 2012 жылғы лондондық Олимпиаданыӊ қатысушысы, Азия ойындарыныӊ күміс жүлдегері (2014), жазғы Универсиада және VI Дүниежүзілік армия ойындарыныӊ жеӊімпазы (2015), бірнеше дүркін жеӊімпаз және халықаралық рейтингтік турнирлердіӊ жүлдегері. Ол ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубыныӊ дарынды спортшыларыныӊ бірі. Оған отандық әскери спортты дамытуда ерекше үміт артылып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны