13.08.2012, 09:22 24247

Лондондағы Олимпиадалық ойындарда Қазақстан жалпыкомандалық есепте 12 орынға шықты

Қазақстанның ұлттық құрамасы Лондондағы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады. Спортшылар қоржынында 13 медаль бар. Қазақстан өзінің спорттық тарихында бірінші рет жалпыкомандалық есепте 12 орынға шықты.

Астана. 13-тамыз. Kazakhstan Today - Лондондағы Олимпиадалық ойындарда Қазақстан жалпыкомандалық есепте 12 орынға шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның ұлттық құрамасы Лондондағы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады. Спортшылар қоржынында 13 медаль бар. Қазақстан өзінің спорттық тарихында бірінші рет жалпыкомандалық есепте 12 орынға шықты.

Лондандағы Олимпиадалық ойындарда Қазақстан әлемдегі ең мықты 20 елдің қатарына енді. Cпортшылар ұлттық құраманың қоржынына 13 олимпидалақ медаль салды, оның 7- алтын, 1-күміс және 5-қола.

Жоғары жетістік медалін велошабандоз Александр Винокуров, ауыр атлеттер Зулфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин, жеңіл атлет Ольга Рыпакова мен боксшы Серік Сапиев жеңіп алды.

Өз кезегінде, күміс медалді боксшы Иділбек Ниязымбетов әкелсе, қоланы грек-рим күресінен Даниял Гаджиев, бокстан Марина Вольнова мен Иван Дычко, еркін күрестен Гюзель Манюрова мен Ақжүрек Таңатаров жеңіп алды.

Ауыр атлет Илья Ильин тұңғыш рет Қазақстанның екі мәрте олимпиада чемпионы атанды.

Осылайша, қазақстандық атлеттердің Лондан Олимпиадасында өнер көрсетуі Қазақстанның спорт тарихындағы ең үздік жетістік деп танылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны