30.05.2016, 19:59 9461

ОҚО ескекшісі Илем кубогі үшін таласта тұӊғыш рет алтыннан алқа тақты

Байдаркамен каноэда ескек есу бойынша облыс тарихында алғаш рет Илем кубогі үшін таласта жерлесіміз алтыннан алқа тақты. Тимур Хайдаров каноэда есуден 200 метрге жарыста жекелей қайықта сынға түсіп, үздік атанды

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Байдаркамен каноэда ескек есу бойынша облыс тарихында алғаш рет Илем кубогі үшін таласта жерлесіміз алтыннан алқа тақты. Тимур Хайдаров каноэда есуден 200 метрге жарыста жекелей қайықта сынға түсіп, үздік атанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл - олимпиадалық қашықтық болып есептеледі. Оныӊ үстіне Тимур Риоға жолдама жеӊіп алған еӊ жас ескекші болып есептеледі. Жерлесіміздіӊ бұл жеӊісі байрақты сынаққа дайын екенініӊ айғағы.

Илем Кубогі үшін талас биыл Чехияда жалауын көтерген болатын. Рачицада облыс қоржынына тағы бір жүлде салынған. Күмістен алқаны да Тимур жеӊіп алды. Екінші орынды ол командаласы Мерей Медетовпен бірге иеленген еді.

Сонымен қатар, Оӊтүстіктіӊ ескекшілері Ұлттық құраманыӊ сапында Германияда өткен Илем Кубогініӊ алғашқы кезеӊінде де жүлделі болды.Дуйсбургте Сергей Емельянов каноэда ескек есуден 500 метрге жарысып, қола жүлдеге ие болды.

Илем Кубогі үшін бұл сынақтар отандық ескекшілердіӊ Рио Олимпиадасыныӊ алдында дайындығын пысықтауға жақсы мүмкіндік болып табылады.

Естеріӊізге салайық, ел тарихында алғаш рет Оӊтүстіктіӊ 6 ескекшісі Олимпиадаға лицензия жеӊіп алған болатын. Илем, Азия ойындарында алтыннан алқа таққан жерлестеріміздіӊ ендігі белесі олимпиадалық медаль болып отыр.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны