18.02.2016, 17:54 12128

Олимпиада формасы көпшілікке таныстырылды

Бүгін Қазақстан құрамасыныӊ Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарында киетін спорттық формалары көпшілік назарына ұсынылды

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан құрамасыныӊ Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарында киетін спорттық формалары көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

XXXI Жазғы ойындарға отандық дизайнерлер парадтық және спорттық үлгіде екі киім үлгісін әзірлеген. Парадтық формада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Классикалық ақ шалбар мен көк костюм, сары галстук. Ал спорттық киімніӊ түсі - қоӊыр-сары. Бір айта кетерлігі, арнайы форма Қазақстанда жасалған. Ұлттық құраманыӊ спорттық киімдері арнайы коммиссияныӊ бақылауынан өткен. Сапасы да жоғары дейді мамандар. Ал төрт жылдықтыӊ басты бәсекесініӊ басталуына 168 күн қалды. Жаттықтырушылардыӊ айтуынша, спортшыларымыз сақадай сай. Қазірде Қазақстан құрамасыныӊ еншісінде спорттыӊ 12 түрінен 48 лицензия бар. Олимпиада басталғанша жолдамалар санын жүзден асыру көзделіп отыр, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Мырзағали Айтжанов, Бокстан Қазақстан құрамасыныӊ бас бапкері:

- Ир Олимпиаданыӊ алдында осы елдіӊ сағатына ауа райына үйрену үшін ертерек барамыз. Сол жерде дайындығымызды жалғастырамыз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны