02.02.2011, 16:00 26033

Ольга Новикова Қазақстанның қоржынына он бірінші алтынды салды

Қазақстандық спортшы Ольга Новикова VII қысқы Азия ойындарында шаңғыда орта дистациядағы жарыста жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Азиаданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Алматы. 2 - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстандық спортшы Ольга Новикова VII қысқы Азия ойындарында шаңғыда орта дистациядағы жарыста жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Азиаданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, ол дистанциядан өтуге 31 минут 11 секундты жұмсады. 3 минут 35 секундқа команда бойынша өзінің жолдасынан тағы бір Қазақстандық Евгения Кузьмина қалып қойды. Үштікті қытайлық Лю Сяотин (Liu Xiaoting) жапты.

Новикова үшін бұл "алтын" Қазақстандағы қысқы Азия ойындарында екінші болды - екі күн бұрын ол спринтерлік жарыста жеңіске жеткен.

Естеріңізге сала кетсек, 30-қаңтар күні Астанада "Астана-Арена" спорт кешенінде VII қысқы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өткен болатын.

Ашылу салтанатына Қазақстан Респуликасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан Республикасының Президенті Роза Отынбаева, Халықаралық Олимпиада комитетінің төрағасы Жак Рогген жұбайымен, Ибу-Дабидың мұрагер ханзадасы Шейх Мұхаммед бен Заид әл-Нахаян, Азия Олимпиадалық кеңесінің президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабах қатысты.

Президент өз сөзінде барша адамзаттың жартысы тұратын Азия құрлығы үшін бұл жарыс биылғы жылдың ең мәртебелі спорт мерекесі екенін атап өтті. Қазақстан ТМД және мұсылман елдері арасында тұңғыш болып осы құрлықтық шараны өткізіп отыр.

"Менің шақыруымды қабыл алып, байрақты бәсекенің ашылуына келген мәртебелі меймандарға ризашылық білдіремін. Азия Олимпиадалық Кеңесінің президенті Ахмад әл-Фахад әл-Сабах мырзаға және Халықаралық Олимпиада Комитетінің президенті Жак Рогге мырзаға алғыс айтамын. Олимпиадалық ойындар бүгінде елдер мен халықтар арасындағы достықтың алтын арқауына айналды. Байырғы байтақ мекенде бізді Азиада рухы жақындастыра түседі деп сенемін", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы 7-інші қысқы Азия ойындарын салтанатты түрде ашық деп жариялады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны