29.01.2018, 17:31 7881

Оӊтүстік Қазақстан облысынан 5 спортшы қысқы Олимпиадаға барады

Биыл ақпан айыныӊ 9-25 аралығында Оӊтүстік Кореяныӊ Пхенчхан қаласында XXIII қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Байрақты бәскеге қатысуға Оӊтүстік Қазақстан облысынан 8 спортшы үміткер болып, оныӊ 5-еуі лицензияға қол жеткізді.

Шымкент. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - Биыл ақпан айыныӊ 9-25 аралығында Оӊтүстік Кореяныӊ Пхенчхан қаласында XXIII қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Байрақты бәскеге қатысуға Оӊтүстік Қазақстан облысынан 8 спортшы үміткер болып, оныӊ 5-еуі лицензияға қол жеткізді. Бұл туралы Өӊірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз жиынында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасыныӊ басшысы Илібек Нұртаев мәлімдеді.

Аталған спорттық жарыста халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасыныӊ бірнеше дүркін чемпионы, 2012 жылы Ресей Федерациясыныӊ Сочи қаласында өткен 22-ші қысқы Олимпиада ойындарыныӊ 6-шы орын иегері, 2017 жылы өткен Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданыӊ жеӊімпазы Жанбота Алдабергенова, Қазақстан Республикасыныӊ спорт шеберлері Маржан Ақжігіт, Ақмаржан Қалмұрзаева, Ильдар Бадрутдинов, Қазақстан Республикасыныӊ спорт шеберлігіне үміткер Аяна Жолдас ел намысын қорғайтын болады.

"Қазіргі таӊда спортшыларымыз Мәдениет және спорт министрілігі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, оқу-жаттығу жиындарына қатысуда. Облыс тарапынан жоғарыда аталған үміткер спортшылардыӊ елде және шет мемлекеттерде өткізілетін халықаралық деӊгейдегі оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуына толық мүмкіндік жасалынып отыр.", - деді Илібек Нұртаев.

Айта кетейік, бүгінде өӊірімізде спорттыӊ қысқы түрлерін дамыту мақсатында "Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ қысқы спорт түрінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" жұмыс істеп келеді. Аталған мекеме шәкірттерді спорттыӊ 6 түріне, яғни фристайл, шорт-трек, конькимен мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, әмбебап жекпе-жек және жазғы биатлонға баулуда.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны