19.02.2018, 17:55 6478

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Шымкент арена" спорт кешені бой көтереді

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Шымкент арена" спорт кешені бой көтереді. Бұл туралы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар жайын баяндаған есепті кездесуде мәлім етті.

Шымкент. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында "Шымкент арена" спорт кешені бой көтереді.

Бұл туралы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар жайын баяндаған есепті кездесуде мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, Шымкент қаласындағы аумағы 427 гектарды құрайтын "Shymkent city" шағын ауданында "Шымкент арена" спорт кешені салынады. Осы жылы құрылысы басталатын бұл спорттық нысанда күрес пен атлеттер залы, сауда мен тамақтану және әкімшілік блогтары, қонақ үй, бассейн қарастырылған. Жобалық құны 17,2 млрд. теӊге болатын кешен заманауи құрылғылармен жабдықталмақ.

Сонымен қатар әкім аталған шағын ауданда жалпы алаӊы 18 450 шаршы метр болатын "КОНГРЕСС ХОЛЛ" жобасы бой түзейтінін де айтып өтті. Құны 20,5 млрд. теӊге болатын нысан құрылысы 2018-2021 жылдар аралығында жүргізілмек.

Шымкент қаласын жан-жақты дамыту жайы Елбасыныӊ тікелей бақылауында екенін айтқан облыс әкімі негізгі жұмыстар қаланыӊ архитектуралық келбетін жақсарту, инфрақұрылымын дамыту мен абаттандыру, көгалдандыруға бағытталатынын жеткізді.

"Қаланыӊ бірнеше көшелерінен ашылатын Арбат - шахардыӊ еӊ көрікті мекеніне айналады. Бұдан бөлек, Қошқар ата өзені жағалауы жобасын жүзеге асырсақ, Шымкент тарихи қалашығын жаӊғырту жобасын да қолға алдық. Сонымен қатар, Шымкент әуежайына жылдық жолаушы ағымы 2 миллионды құрайтын жаӊа заманауи терминал салу жоспарымызда бар",-деді Ж.Түймебаев.

Есепті кездесу барысында әкім өткен аптада Үкімет тарапынан Шымкент қаласымен қоса Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас аудандары мен Арыс қаласыныӊ стратегиялық қажеттіліктерін қамтитын "Шымкент агломерациясыныӊ аумақтарын дамытудыӊ өӊіраралық схемасы" бекітілгенін айтты. Бұл облыс орталығы мен оныӊ айналасында орналасқан аудан, қала аумақтарыныӊ қарқынды дамуына серпін беретіні анық.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны