27.09.2016, 09:54 6463

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Арыс қаласында бокстан халықаралық турнирдіӊ ашылу салтанаты өтті

Аталған жарысқа Өзбекстан Республикасыныӊ, 10 облыстан және Астана, Алматы қалаларынан келген 25 командадан құралған 273 жас спортшылар шаршы алаӊда сайысқа түседі.

Шымкент. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Арыс қаласында бокстан 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында Кеӊес Одағыныӊ Батыры Бейсен Онтаевты еске алуға арналған ХХХІV Халықаралық турнирдіӊ ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Іс-шараныӊ басты мақсаты - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында дене шынықтыру мен спортты дамытуға, жастар арасында спорттыӊ бокс түрін, жалпы салауатты өмір салтын және еліміздіӊ бокс саӊлақтарын кеӊінен насихаттауға, бос уақытын тиімді пайдалана отырып, спортпен шұғылдануына тартуға бағытталды. Бұл іс-шара көптеген жастарымыздыӊ спортқа деген қызығушылығын арттыра түскендігі айқын. Бұл сөзімізге сайысқа қатысушылар мен оны тамашалауға келген жастардыӊ үлес салмағыныӊ өзі дәлел болмақ.

Жарыстыӊ ашылу салтанатына Оӊтүстік Қазақстан облысы денешынықтыру және спорт басқармасы басшысыныӊ орынбасары А.Бердашев, қала әкімініӊ орынбасары Б.Ділдәбеков, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, зиялы қауым өкілдері, спорт ардагерлері, спортшылар, жастар өкілдері қатысты.

Аталған жарысқа Өзбекстан Республикасыныӊ, 10 облыстан және Астана, Алматы қалаларынан келген 25 командадан құралған 273 жас спортшылар шаршы алаӊда сайысқа түседі.

Жарыс қорытындысы ағымдағы жылдыӊ 29 қыркүйек күні өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны