08.12.2016, 10:40 4551

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ кубогы сарапқа салынуда

Жыл басынан бері облыс спортшылары спорттыӊ 59 түрі бойынша Қазақстан Республикасыныӊ чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, барлығы 1168 медаль жеӊіп алды

Шымкент. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкенттегі "Жеӊіл атлетика спорт кешенінде" ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай 2000-2001 жылы туған жасөспірімдер арасында "Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ кубогыныӊ" жалауы желбіреді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жарыстыӊ шымылдығын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ашып берді.

"Жыл басынан бері облыс спортшылары спорттыӊ 59 түрі бойынша Қазақстан Республикасыныӊ чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, барлығы 1168 медаль жеӊіп алса, осы уақыт мерзімінде Азия чемпионаттары мен Кубоктарында облыс спортшылары барлығы 117 медаль ұтып алды. Ал Илем чемпионаттары мен Кубоктарында барлығы 90 медаль еншілесе, кеше ғана Бразилияда өткен жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетика шебері Жазира Жаппарқұлдыӊ күмісі мен дзюдо шебері Галбадрах Отгонцэцэгтіӊ қоласы облыстыӊ спорт сүйер қауымын бір серпілтіп тастады", - деген облыс басшысы жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Кеше, 6 желтоқсан күні басталып, бүгін ресми түрде ашылған жарыс "Спорт-нашақорлыққа қарсы" ұранымен өтуде. Облыс кубогіне таласта спорттыӊ 7 түрі - баскетбол, волейбол, грек-рим, еркін, қазақ күресі, дзюдо және жүзуден кіл мықтылар анықталып жатыр. Еске салсақ, 28 қараша мен 2 желтоқсан күндері "Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Кубогініӊ" бірінші кезеӊі аудан, қалаларда өтіп, онда 2 мыӊнан астам жасөспірім бақ сынады. Онда жүзден жүйрік шыққан 1600-ден астам спортшы бүгінгі ақтық екінші кезеӊге қатысып жатыр.

Айта кету керек, Оӊтүстік Қазақстан облысында спорттыӊ баскетбол түрінен 3 мыӊнан астам бала тәлім алса, волейбол бойынша 5 мыӊ, грек-рим күресінде 1800-ге жуық, еркін күреспен 4 мыӊнан астам, қазақ күресінен 3200-ден аса, дзюдомен 2700 және жүзу спортымен 600-ге жуық бала шұғылданады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны