15.09.2016, 13:23 7574

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында бірнеше спорт нысаны пайдалануға берілді

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында бірнеше спорт нысаны мен алаӊшалары пайдалануға берілді, деп хабарлайды аудан әкімдігі.

Шымкент. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында бірнеше спорт нысаны мен алаӊшалары пайдалануға берілді, деп хабарлайды аудан әкімдігі.

Биыл Қыземшек кентіне қарасты Тайқоӊыр елдімекенінде спорт нысаны ашылды. "Ыӊғай" бірлескен кәсіпорны демеушілігімен ашылған нысанда заман талабына сай жасанды футбол төсеніші, жүгіру жолағы, футбол, волейбол және баскетбол ойындарына арналған спорт алаӊдары бар. Сондай-ақ Тасты ауылыныӊ мектеп бітіруші түлектері футбол, волейбол және баскетбол ойындарына арналған спорт алаӊдарын салып берді. Ал, Жартытөбе ауылдық округінде шағын футбол алаӊы пайдалануға берілді. Оған ауыл жастары демеушілік жасаған.

Қазіргі таӊда Шолаққорған ауылындағы орталық стадион мен спорттық сауықтыру кешеніне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында 2020 жылға дейін халықтыӊ 30 пайызын спортқа тартуды мақсат етіп қойған болатын. Осы тапсырмаға сәйкес, ауданда нақты іс-шаралар қолға алынған. Аудан басшысы М. Исаев тұрғындарға есеп беру жиынында созақтықтардыӊ спортпен айналысуы басты назарда болатынын мәлімдеді.

Жыл басынан облыс спортшылары чемпионаттар мен біріншіліктерге қатысып, 403 алтын, 392 күміс, 384 қола медальға қол жеткізді.

Өздеріӊіз білетіндей, ағымдағы жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына 1 күміс, 1 қола медальды облысымыздыӊ спортшылары салды. Есепті кезеӊде 1 спорт кешені іске қосылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны