11.02.2015, 21:43 16033

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионатқа республиканыӊ барлық өӊірінен келген 20 құрама команда қатысады

2015 жылғы 12 ақпанда "Құлагер" спорт кешенінде 2015 жылғы 12-14 ақпан аралығында болатын Қазақстан Республикасы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионаттыӊ ашылу рәсімі өтеді

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 12 ақпанда "Құлагер" спорт кешенінде 2015 жылғы 12-14 ақпан аралығында болатын Қазақстан Республикасы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионаттыӊ ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионатқа республиканыӊ барлық өӊірінен келген 20 құрама команда қатысады.

Жарыс бағдарламасы спорттыӊ 2 түрі бойынша, атап айтқанда 4-қабаттыӊ терезесіне шабуыл сатысы бойынша көтерілу (ерлер) және оқу мұнарасыныӊ 2-қабатыныӊ терезесіне шабуыл сатысы бойынша көтерілу (әйелдер), 100 метрлік кедергілері бар жолақты жүгіріп өту.

Қысқы чемпионаттыӊ салтанатты ашылу рәсіміне ҚР ІІМ ТЖ комитетініӊ және Қазақстан Республикасы Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясыныӊ басшылығы қатысады.

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат елімізде спорттыӊ осы түрін танымал етуді, сондай-ақ өрт сөндіру-құтқару қызметініӊ имиджін арттыруды білдіреді. Жарыстар өрт сөндірушілер-спортшылардыӊ іс жүзіндегі қолданатын дағдыларын арттыру мен олардыӊ арасынан үздігін таӊдағаннан басқа отпен күресушілер күнделікті құтқаратын қарапайым адамдарға олардыӊ жұмыстарыныӊ ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді, өздерін өрт орын алған жағдайда қалай ұстау керектігін үйретеді.

Өткізу күні: 2015 жылғы 12 ақпан, сағат 10.00-де

Өткізу орны: "Құлагер" СК, Бөгенбай көшесі,4, (Астрахан тасжолы бойындағы № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі аумағында)

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны