09.09.2016, 10:48 4486

Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасынан алғашқы алтын медальді жүзуден Зульфия Ғабидуллина жеӊіп алды

Ол 100 метр қашықтықта еркін жүзуден сынға түсіп, әлем рекордын жаӊартты.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Риодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді жүзуден Зульфия Ғабидуллина жеӊіп алды. Ол 100 метр қашықтықта еркін жүзуден сынға түсіп, әлем рекордын жаӊартты, деп хабарлады Паралимпиадалық комитет.

Ақпарат бойынша, Зульфия Габидуллина Азия ойындарыныӊ жеӊімпазы, әлем чемпионы. Спортшы әлемдік рейтингте үздік жүзушілердіӊ қатарына енеді. Оныӊ қоржынында 5 әлемдік рекорд, оныӊ ішінде Риодағы Паралимпиада ойындарындағы жетістігі бар.

Айта кетейік, барлық жарыстар 2016 жылдыӊ 17 қыркүйегінде аяқталады. 18 қыркүйекте Риодағы паралимпиада ойындары жабылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны